Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Қызылорда облысында III облыстық малшылар слеті өтті
13 мамыр күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің және Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдерінің қатысуымен ІІІ облыстық малшылар слеті өтті.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2017
Тәуелсіздік жолы қай кезде де оңай, жеңіл болмаған. Тәуелсіздікті баянды ету, елдің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін сақтау, ел арасына іріткі салғысы келетіндер мен теріс діни ағымдар жетегіне еріп, адасып жүргендерді оң жолға бағыттау бүгінгі барлық қазақстандық қоғам мүшелерінің ортақ парызы болмақ. Тек осындай жағдайда ғана қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыра-жай заман орнығары кәміл.
Білім • 15 Мамыр, 2017
Әлемдік білім саласының даму жолына көз салсақ, таптаурын жүйені көшіре пайдалануға әуестік дертке айналған сыңайлы. Баламасыз идеалға айналған елдердің білім жүйесіне сын көзбен қарау әбестік сияқты көрінетін болды. Мұндайда тарихи ахуалына, ділі мен тіліне, әлеуметтік мүмкіндігіне қарауға мұрша жоқ, «ел қалай көшті, біз де солай тартуымыз керек» деген желөкпе ұстаным белең алады. Әсіресе, құдірет тұтатын елдердің жүйесі көз жұма, «жаңашылдықпен» енгізілуде. Мұны халықаралық сарапшылар шартты түрде «білім саласын реформалаудың әлемдік тұрғыдағы англо-америкалық үлгісі» деп атайды. Білім берудің бұл жолы соңғы кезеңде қатты сынға ұшырауда.
Қоғам • 15 Мамыр, 2017
Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды
Алматыда қалалық соттың төрағасы Ақжан Ештай кенеттен қайтыс болды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөзі қызметі.
Есірткі бизнесіне тосқауыл керек
Бүгінгі таңда әлемдегі күрделі мәселенің бірі – нашақорлық пен есірткі бизнесі. Ұрпағының келешегіне алаңдаған еліміз үшін бұл мәселе өзекті. Ендеше, қазіргі күні Жамбыл облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес барысы қандай деңгейде? Құзырлы органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр ма, жоқ па?