Футбол • 15 Мамыр, 2017
«Қайраттың» бес минутта 3 гол соғып жеңуі
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 12-туры аяқталды. Бұл турдағы екі орталық кездесу де елордада өтті.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Дүбірлі көрменің думанға толы күндері
Міне, жаһандық өркениеттің жаршысына айналған ару Астанамызда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жалауы желбірейтін сәтке де санаулы күндер қалды. Елбасы «Ұлттық жоба» деп басымдық берген жаһандық шараға жан-жақты дайындық жүргізілген төрт жылдық мерзімнің нәтижесін саралап, жемісін көрер уақыт та қыр астынан қылаң берді. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, айтулы күн жақындаған сайын жұртшылық та елегізіп, жаһандық шараның қызығын көруге құмартуда. Ел үмітін ақтауға ұйымдастырушылар да барын салуда. Бұдан бұрын газетімізде Бүкіләлемдік көрме аясында елорданың мұражайларында небір жаһандық өнер жауһарларының паш етілетінін жариялаған едік. Енді ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірейтін 93 күннің ішінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұсынылатын бұқаралық мәдени шаралар бағдарламасын саралап көрсек.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Ұлт санасын жаңғыртудың алғышарты
Елордада «Ақ жол» партиясы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіру туралы ұсынысына және жаңа графикадағы бірыңғай қазақ әліпбиін қалыптастыруға байланысты дөңгелек үстел өткізді. Оған Парламент Мәжілісінің депуаттары, зиялы қауым өкілдері, сарапшылар, ғалым-лингвистер қатысты.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тұтас елдің назарын аударған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында Қазақстанның мәдени-гуманитарлық тұрғыда қарышты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық сананы жаңартудың маңыздылығы туралы ілкімді ойлар қозғалған. Осыған байланысты мемлекетіміздің рухани жаңғыруды қалай жүзеге асыруды жоспарлайтындығының өзі жауапкершілігі зор мәселе деуіміз керек.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жазғандай:«Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол − әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу».