Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Қызылордада математикадан халықаралық олимпиада өтіп жатыр
Қызылорда қаласында жүзге жуық жас математиктер олимпиадаға қатысып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Академигі Асқар Жұмаділдаев оларға сәттілік тіледі.
Сайлау • 15 Мамыр, 2019
Сенімді өкіл сайлаушылармен кездесті
Қызылорда облыстық штабының мүшесі, Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Президентігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілі Наурызбай Байқадамов «ҚазПочта» ұжымымен кездесті.
Сайлау • 15 Мамыр, 2019
Әулиеаталықтарды лайықты таңдау жасауға шақырды
Бүгін Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының мүшелері өңірдегі ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынды партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб мүшесі Ерқанат Манжуов ашып, жүргізіп отырды.
Спорт • 15 Мамыр, 2019
Елордадағы велотректен өтіп жатқан халықаралық турнир туралы не білеміз?
Бүгін, 15 мамыр күні, елордада велотректен Silk Way Series Astana ірі халықаралық турнирі басталды. Жарысқа бірнеше мемлекеттен жалпы есебі 70 спортшы қатысуда. Велотрекшілер додасы екі санат бойынша ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Саясат • 15 Мамыр, 2019
Г. Әбдіқалықова Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының екінші әйелдер форумына қатысты
Бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының ІІ әйелдер форумы басталды. Іс-шара әйелдердің қатысуын арттыру және ШЫҰ стратегиясы мен жобаларына гендерлік өлшем енгізу, әйелдердің саяси және экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласында ШЫҰ-ға қатысушы елдер арасындағы тиімді ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ ынтымақтастықтың өңірлік желілерін құру мәселелерін қарап, жан-жақты талқылауға бағытталған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.