Спорт • 19 Мамыр, 2022
Бұл күндері Францияның Нормандия қаласында 2004-2006 жылдары туған оқушылар арасындағы Гимназиада жарысы өтіп жатыр. Бұл бәсекеде қазақстандық таэквондо шеберлері 3 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
Осыдан шамамен он жыл бұрын Павлодар қаласының әуежайына жақын аумақта үйлердің іргетасы салына бастады. Шенеуніктер ол жерде барлық инфрақұрылым жұмыстары жүргізіледі деп жар салған соң үй салуға асыққан ағайын жер алып, кірпіш тасып, шама-шарқынша әрекет етті. Тіпті сән-салтанаты келіскен коттедждер де бой көтерді. Өкініштісі сол, бір ауылға айналған аумақта әлі күнге дейін уәде етілген жылу құбырлары тартылған жоқ.
Спорт • 19 Мамыр, 2022
Кеше Түркияда әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының чемпиондық атағына таласатын боксшылар толықтай анықталды. Жартылай финалдық сайыстың күндізгі бағдарламасында төрт спортшымыз шаршы алаңға шығып, солардың біреуі ғана өз жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ол – Алуа Балқыбекова. Ал осы межеде сүрінген Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медальды қанағат тұтты.
Хоккей • 19 Мамыр, 2022
Швейцариядан да ұпай ала алмады
Финляндия астанасы – Хельсинки мен Тампере қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңдегі үшінші тур ойындары аяқталды. Бұл турда Қазақстан ұлттық құрамасының хоккейшілері әлемдік додаға қатысып жатқан елдер арасындағы рейтингте көш бастап тұрған Швейцариямен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз бір шайба айырмашылығымен жеңіліп қалды – 3:2.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2022
Қаратау бөктеріндегі «Қымызмұрындық»
«Қымызмұрындық» – атадан балаға мирас болып келе жатқан игі дәстүрдің бірі. Бұл ежелден қалыптасқан жазға қарай бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі. Оған ауыл ақсақалдары мен өзге де сыйлы қонақтар шақырылады. Көпшілікке арнап ақ дастарқан жайылып, бата жасалады. Дәстүрге сай, биыл бұл үрдіс Әулиеата өңірінде өз жалғасын тапты. Талас ауданының «Жұрындысай» балалар лагерінде облыстық «Қымызмұрындық-2022» этно-фестивалі өтті. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты. Сондай-ақ этно-фестивальге Тараз қаласы мен өңір аудандарынан жүзге жуық ардагер шақырылған.