Кеше Түркияда әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының чемпиондық атағына таласатын боксшылар толықтай анықталды. Жартылай финалдық сайыстың күндізгі бағдарламасында төрт спортшымыз шаршы алаңға шығып, солардың біреуі ғана өз жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ол – Алуа Балқыбекова. Ал осы межеде сүрінген Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медальды қанағат тұтты.

Аса жеңіл салмақтағы Азия чемпионы Алуа Балқыбекова 2018 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері, болгариялық Севда Асеновамен күш сынасты. 37 жастағы ардагер боксшы жалынды жастың қарқынына шыдай алмады. Бәсеке басталған бетте тізгінді мықтап қолына алған Балқыбекова ауыр соққыларын көптеп дарытты. Бірінші раундтың соңғы минутында Аксенованы қатты ұрып, қабырғасын қайыстырып жіберді. Нокаут! Финалда Алуа түркиялық Айсе Чагирырмен қолғап түйістіреді.
52 кило салмақтағы Жайна Шекербекова Джутамас Джитпонгпен кездесті. Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия чемпионы және Азия ойындарының қола жүлдегері деген атағы бар сақа спортшымыз қанша талпынғанымен, өзінен сегіз жас кіші таиландтық былғары қолғап шеберінен айласын асыра алмады. Джитпонг өзінің бойы мен қолының ұзындығын ұтымды пайдаланып, алғашқы екі раундты өз пайдасына шешті. Шешуші кезеңде біздің боксшы басым көрінгенімен, жеңіс Тай елі өкілінің уысында кетті.
57 кило салмақтағы Карина Ибрагимова өте азулы боксшымен жұдырықтасты. Тайпейлік Лин Ю-Тин Олимпиададан басқа жарыстардың барлығында жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 2017-2019 жылдары ол әлем және Азия чемпионы, Азия ойындары мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Карина атағы алысқа жайылған қарсыласымен аянбай айқасты. Бірақ мықтының аты мықты ғой. Қарымта шабуылға жүгінген Лин көздеген мақсатына қол жеткізді.
70 кило салмақтағы Валентина Хальзова Мозамбик өкілі Алсинда Хелена Пангуанмен кездесуді қарқынды бастады. Бірінші раундта төрт төреші жерлесіміз жеңді деп есептеді. Үзілістен кейін таразы басы теңесті. Ал соңғы раундта қара құрлықтың өкілі тегеурінін күрт күшейтті. Валентина жиі қателесті. Бір мезетте Хальзова құлап қалды. Рингтегі қазы нокдаун белгіледі. Одан кейін де екпіндеп шабуылдаған Пангуа жеңісті қазақстандық боксшының уысынан жұлып әкетті.
Ал кешкі бағдарламада 54 кило салмақтағы Дина Жоламан румыниялық Лакрамиоара Перишочпен күш сынасты. Бұл бәсекенің қалай аяқталғаны жайында ертең толық ақпарат береміз.
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар