Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
«Нұр Отан» партиясы «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты акцияны қолға алды
«Нұр Отан» партиясы Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты жаңа акцияны қолға алды. Соның аясында Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерлігімен көзге түсіп, ең жоғары награда – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, дегенмен түрлі себептерге байланысты сол марапатқа қол жеткізе алмаған отандастарымызға құрмет көрсетіледі. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астана қаласында осындай ардагерлердің бірінің шаңырағына арнайы барып, оның ұрпақтарымен кездесті.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Жаһандық сын-тегеуріндерге жауап қайтару мүмкіндігі
Беделді халықаралық саясаткерлердің, экономистердің, ғалымдардың, бизнес өкілдерінің басын бас қалада біріктіретін Астана экономикалық форумы жақын қалды. Аузы дуалы халықаралық сарапшылар үш күн бойы өз білімдерін, идеялары мен тәжірибелерін ортаға салатын алқалы жиынның күн тәртібінде қандай маңызды мәселелер қаралмақ?
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Бейбіт өмір мен егемендіктің берік тірегі
«Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеруі өтті. 3 мыңға жуық жауынгер, 300 бірлік әскери техника мен қару-жарақ, 40 ұшу аппараты жұмылдырылған бұл айтулы шараға Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер де, деректер де өте көп. Солардың бірі – соғыс жылдарында Кеңес армиясының қатарына 1 миллион 800 мыңға жуық қазақстандықтың шақырылғандығы, ал ең қиыны майдан даласынан сол жауынгерлердің 600 мыңға жуығы туған жеріне қайтып оралмай, сұрапыл соғыста Отаны үшін құрбан болғандығы.
Астана іскерлік туризм орталығына айнала ма?
Туризм – табыс көзі. Әлемде туризмді дамыту арқылы ғана бюджеттерінің бүйірін толтырып, сол түскен табыстың арқасында отырған мемлекеттер баршылық. Біздің еліміз де саланы дамытуға ден қойып, құдіретті табиғаттың өзі тарту еткен Жетісу, Көлсай, Шарын, Бурабай, Баянауыл, Қарқаралы сияқты жерұйықтарды туристік жұмаққа айналдыруға талпыныс жасағалы қашан.