Қазақстан • 05 Мамыр, 2017
Волонтерлер ардагерлерге көмек көрсетеді
5 мамырдан Қазақстанның 22 қаласында ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлеріне атаулы көмек көрсету үшін еріктілер жасақтары жұмыс істей бастайды. Рейдтер «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бастамасымен республикалық «Жеңіс» жобасы аясында өтеді.
Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады
Физика мен астрономия ғылымдарында «қара құрдым» деген түсінік бар. Жерден пәленбай миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан, көптеген алып планеталар еркін сыйып кете алатындай кеңістікті қамтитын, айналасындағылардың бәрін жалмап жұтып алатын бір ғажап дүние. Оның маңайына жақындағанда, жарық жылдамдығының өзі баяулап, уақыт тоқтап қалады деседі. Осы «қара құрдымның» бар екендігіне немесе жоқ екендігіне әлі күнге дейін ғалымдар талас қылып жатады.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2017
Қарқынды құрылыс: ажарлы атыраудың абыройы биік
Атырау облысында биыл – 2007, келер жылы 4416 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл осынша отбасында қоныс тойы болады деген сөз. Жыл соңына дейін 14 мектеп пен 11 балабақшаның құрылысы аяқталады. Мұнайлы өңірдегі қарқынды құрылыс Жайықты жағалай орныққан елдің сәулеті мен дәулетіне сән қосып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантөреев осындай жаңалықтармен бөлісті.
Ауыр атлетика • 05 Мамыр, 2017
Зүльфия Чиншанло Токио Олимпиадасына қатыса алады
Қазақстандық ауыр атлет Зүльфия Чиншанлоның дисквалификация мерзімі 2018 жылдың мамыр айында бітеді. Яғни, ол 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатыса алады.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2017
Тарих көші алға жылжыған сайын өткен ұрпақтың өнегелі тағдырына терең үңіліп, зерделеп, ол туралы жаңаша ой түйіп, құрмет көрсету, келер ұрпаққа үлгі ету көргенді елге тән қасиет. Әсіресе, патриоттық рух пен отансүйгіштік қасиетті өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде қилы кезеңдерде Отан алдындағы парызын абыроймен атқарған азаматтардың өнегелі өмірін үлгі ете білудің тәрбиелік маңызы зор. Осы орайда 7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында Ауған соғысының ардагері, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері бүгінде KEGOC компаниясының өндірістік активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, еліміздің құрметті энергетигі Бақытхан ЖАЗЫҚБАЕВ жайлы үзік сырды ортаға салуды жөн көрдік.