Руханият • 29 Мамыр, 2020
Табалдырықтан аттаған сәтте тосылып қалғанбыз. Үй емес, әлдебір салтанатты сарайда хас шеберлердің көрмесі өтіп жатқандай. Қос бірдей мүгедек күн кешіп жатқан Краснояр ауылындағы құрқылтайдың ұясындай шағын пәтер өзгеше жылылық ескен, махаббат салтанат құрған, сүйген адамдардың бір-бірін қолтығынан демеп, қамқор болған нұрға малынған бақыт босағасы екен.
Қоғам • 29 Мамыр, 2020
«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге бөлінді
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 176 млрд, соның ішінде бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бірінші бағыты бойынша 26 млрд теңге бөлінген.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Бүгінде ел игілігіне арналған бағдарлама көп. Тек барды ұқсатып, аянбай еңбек ету қажет. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының жас кәсіпкерлері Мадияр Кәрібаев пен Ахан Әжмағанбетов гранттарды ұтып алып, бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құрал-жабдықтар жасаумен айналысуда. Еңбектері жеміссіз де емес.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Жүйелі жұмыс жеңіске жеткізеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режімі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.
Тарих • 29 Мамыр, 2020
Ел тарихындағы ең қайғылы кезең кешенді зерттеуді қажет етеді
Зобалаң жылдары 3-4 жастағы және емізулі тағы бір қызын арқалаған әйел Қызылордадағы базарда қайыр сұрап жүреді екен. Ашаршылықтан екеуін бірдей құтқара алмасын сезген бейшара ана қыздың үлкенін тастап кетпек болған. Басындағы әдемі орамалын қызының басына байлап, базар ішіндегі қалтарыста адастырып кетеді. Қыз «апалап» әрі-бері жүгіріп, шаршаған соң отыра қалып жылайды. Жылап отырып «апатайым-ау, мына әй-әй орамалды бөпенің басына байласаңызшы, ол жаурайды ғой», дегенін естіген жанның жүрегі қан жылайды.