Қоғам • 29 Мамыр, 2020

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге бөлінді

448 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 176 млрд, соның ішінде бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бірінші бағыты бойынша 26 млрд теңге бөлінген.

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге бөлінді

Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің мәліметіне сүйен­сек, еңбек нарығының талаптарын ескере келе, техникалық және кәсіптік білімі бар кадр­ларды даярлауға 20,1 мың адам 2020 жыл­ғы 1 қыркүйектен бастап жіберіледі.

«Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие білік­ті­ліктер мен дағдылар бойынша қысқа мер­зімді кәсіптік оқытуға 6 мың адам жос­парланды. Бағдарламаның «Жаппай кә­сіп­керлікті дамыту» екінші бағыты бо­йынша 70 млрд теңге бөлінді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік не­гіздеріне оқуға өзін өзі қамтыған және жұ­мыссыз азаматтар қатарынан 30 мың адам жіберу және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 23,5 мың грант беру көз­деліп отыр. Бағдарламаның «Жұмыс кү­ші­нің ұтқырлығын арттыру үшін адам­дар­дың ерікті түрде қоныс аудару арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 10,1 млрд теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет негізінде бос жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұ­мысқа орналастырылған немесе жос­пар­дың 42%-ы. Жоспар – 154 мың. 11,6 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды неме­се жос­пардың 96%-ы. Ал жылдық жоспар – 12 023. Жастар тәжірибесіне 9,7 мың адам жіберілген немесе жоспардың 28,1%-ы. Жылдық жоспар – 34,6. Қоғамдық жұ­мыс­тарға 43 мың адам жіберілді немесе жос­пардың 40%-ы, жылдық жоспар – 107,5 мың. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 136 мың адамды қамту үшін қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде қо­ғам­дық жұмыстарға 36,5 млрд теңге, жас­тар тәжірибесіне 5,6 млрд, бизнес-идея­ларды іске асыруға мемлекеттік грант­тарға 7,9 млрд теңге бөлінеді», делін­ген ми­нис­тр­лік­тің мәліметінде.

Жұмыспен қамту жол картасы бо­йынша 1 трлн теңге сомасына 255 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 6,4 мың жобаны іске асыру, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 127 мыңнан аса адамды жұмысқа орналастыру жос­пар­ланған. Құрылыс аяқталғаннан кейін 15 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады.

«Жол картасы бойынша 6,4 мың нысан салынады, соның ішінде 2,3 мың әлеу­меттік-мәдени нысан, инженерлік-кө­ліктік инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 2,7 мың нысан жөнделді, елді мекендерді абаттандыру бойынша 1 мыңға жуық жоба іске асырылды. 2020 жылғы 20 мамыр жағдайы бойынша іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда 47 мың жұмыс орны құрылып, соның ішінде жұ­мыс­пен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша 21 мың адам іске кіріскен. Қа­лалар мен аудандардың халықты жұ­мыс­пен қамту орталықтарының базасында қызметкерлерді қабылдауды, жинауды және жұмыс орнына жеткізуді жүзеге асы­ратын жылжымалы рекрут пункттері құ­рылды», деп көрсетілген ақпаратта.

Жалпы алғанда үздік халықаралық тәжі­рибені ескере отырып, министрлік «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізген. Жұмыс беру­ші­лер еңбек тәжірибесі жоқ жастарды бі­рінші жұмыс орнында қабылдауға ын­та­­­ландыру, сондай-ақ жастардың еңбек на­рығында, соның ішінде ауылдық жер­лер­де бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақ­сатында «Еңбек» бағдарламасы ая­сын­­да «Бірінші жұмыс орны» жобасы қа­рас­тырылған.

«Бірінші жұмыс орны» жобасы бо­йынша жұмысқа орналасуды ұйым­дас­ты­ру жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін оларға қажетті еңбек дағдыларын және алғашқы жұмыс орнында, барлық меншік формасындағы ұйым­дарда бейімделуді қамтамасыз ету мақ­са­тында жүзеге асырылады. Жоба бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемін­де жиырма төрт ай мерзімге тұрақты жұ­мыс­қа жалдайды, жұмыспен қамту ор­та­­лығы жұмыстың бірінші жылына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (55 560 теңге) жалақы төлейді. Жұмыс із­де­ушілерге және жұмыссыздарға көмек көр­сету бойынша қосымша шараларды жүзеге асыру аясында, сондай-ақ зей­нет­керлік жасқа жеткен жұмыскерді ауыс­тырумен жұмысқа орналастыруды көз­дейтін «Ұрпақтар келісімшарты» теті­гі қосылған. Жастарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қа­бі­летті мүшелеріне, мүгедектігі бар адам­дар­­ға жұмысқа орналасуға басым құқық беріледі. «Ұрпақ келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қам­ту орталығымен келісім негізінде «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны ке­мінде он сегіз ай мерзімге тұрақты жұ­мысқа жалдайды, ал жұмыспен қамту орта­лығы алты айлық жұмыс үшін жала­қы­ны субсидиялайды. «Еңбек» бағ­дар­ламасында, сонымен қатар жұмыс беруші еңбек шарты бойынша (оқу мерзімі 1 айдан 10 айға дейін), соның ішінде ауылдық жерлерде қызметкердің бі­ліктілігі мен дағдыларының сипатта­ма­­ларына негізделген кәсіптік оқу­ды көз­дейтін қосымша шаралар қарас­ты­рыл­ған. Бұл шара еңбек шарты бойын­ша жұмыс істейтін жұмысшыларға еңбек өмірінің барлық кезеңінде білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұ­мыс берушілердің өз қызметкерлерінің жаңа білім мен дағдыларды алуға деген қы­зы­ғу­шылығын арттырады», дейді ми­нис­­трлік өкілдері.

Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдылар бо­йынша жұмысшы мамандығын дербес алу үшін қатысушыларға «Еңбек» бағ­дарламасында білім беру ұйымын, маз­мұны мен оқу мерзімін таңдауға мүмкіндік беретін ваучер ұсыну қарас­ты­рылған. Кәсіптік оқыту жұмыс беру­шілердің өтініштерін қабылдау арқы­лы жүзеге асырылады, бұл кейіннен жұмысқа орналасуға кепілдік береді. Азаматтар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант мөлшері 200 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың мүшелеріне 7 жылға дейін 4%-дан аспайтын жеңілдетілген шарттармен шағын несиелер беру қарастырылған. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын адамдар, мүгедектер, елуден асқан адамдар, жастар, соның ішінде NEET санатындағы жастар, аз қамтамасыз етілген немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері кәсіпкерлік бастаманы ілгерілету жөніндегі шараларды алуға басым құқықты болады. «Еңбек» бағдарламасы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды, азаматтардың жекелеген санаттарына квоталар шегінде жұмыс орындарын ұйымдастыруды қарастырады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ұсынылған шаралар еңбек нарығын қажетті кадрлармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды ауылдық жерлерде өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Ал үстіміздегі жылдың 1 мамырындағы жағ­дай бойынша жұмыс күші көп өңір­лер­ден жұмыс күші тапшы өңірлерге жалпы саны 2 224 адам болатын 631 отбасы қоныс аударған, соның ішінде 1 198 адам еңбекке қабілетті жаста. Ең­бек­ке қабілетті отбасы мүшелерінің іші­нен 675 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында еңбек ре­сурс­тарының ұтқырлығын ынталан­дыру үшін Үкімет айқындайтын өңір­лер­ге ерікті түрде қоныс аударатын адам­дарға мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Қоныс аударушылардың өңір­лері анықталды. Олардың қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ  Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан және Шым­кент қалалары. Қабылдау өңірлері: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қос­танай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан об­лыстары бар.

«Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қол­дау шаралары ұсынылады. Мысалға, отба­сының әрбір мүшесіне 35 АЕК (97 мың теңге) көшуге біржолғы төлем, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және комму­налдық қызметтерді төлеу бойын­ша шығындарды жабу үшін, олар отбасы мүше­лерінің санына және жергілікті же­ріне байланысты отбасына 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке де­йін­гі мөлшерде (41,7 мыңнан 83,3 мың теңгеге дейін) төленеді. Сондай-ақ биыл қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі жалғастырылатын болады. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысы бойынша 714 жеке объект салынады, Павлодар облы­сын­да қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатып алынады. 2020 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6 128 адам (1 757 отбасы) мөлшерінде белгіленді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми ақпаратында.