Қоғам • 06 Мамыр, 2022
Әлеуметтік нан мен тауарлар бағасы тұрақтандырылуда
Алматылық өндірушілер қала дүкендері сөрелеріне әлеуметтік нанды жеткізуді жалғастыру үшін субсидия алады. Қаланың экономикалық ахуалы туралы баяндаған кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорынан қаладағы ұн тартатын кәсіпорындарға субсидияланған астықты жеткізу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда әлеуметтік нанның сату бағасын бекіту үшін «Алматынан» ЖШС-на 150 млн теңге көлемінде айналым заемын бөлу жоспарлануда.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Қызылордадағы К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектепте «Атамекен» атты мұражай бар. Өткен ғасырдағы сексенінші жылдардың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан мұражай мектептің алғашқы директоры Рахат Құлтановтың бастамасымен ашылған.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Бауырлас әзербайжан халқының даңқты перзенті Ахмед Джавадтың туғанына биыл – 130 жыл. Қазақ даласында мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде, мемлекеттік деңгейде аталып өткелі отырған Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов қандай ірі тұлға болса, көрнекті ақын, әзербайжан ұлттық әнұранының авторы, қызыл қырғынның құрбаны Ахмед Жавад та сондай тұлға. Осыны ескерген Халықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінде әзербайжанның ұлттық ақыны Ахмед Жавадты және әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өткізді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Біз білмейтін шығармалары да бар екен. Облыс орталығындағы Торайғыров университетінде өткен «Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы мен қоғамның рухани дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мәшекеңнің бұған дейін жария болмаған шығармалары үш томдық болып шығатыны сүйіншіленді.
Тарих • 06 Мамыр, 2022
Әрбір суретті естелік деп қана емес, тарих деп те айтуға болады. Оған биыл туғанына тоқсан жыл толған белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов пен көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың көпшілікпен бірге түскен суреті дәлел. Бұл бағалы дүниені бізге ақынның қызы Майра Кәкімбекқызы көрсетті.