Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Құрылған күнінен бастап ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі күзетінде күрделі белестерді абыроймен арқалап келе жатқан Қарулы Күштердің 30 жылдық мерекесін Алматыдағы Президент Архиві де атап өтті. Архив басшылығы атаулы күн аясында «Тәуелсіз ел әскері: Міндет. Абырой. Ерлік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, іс-шара қатысушыларына тақырыпқа сай тарихи-құжаттық көрмені таныстырды.
Қоғам • 06 Мамыр, 2022
Әскери кафедрадағы салтанатты жиын
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы, Отан қорғаушылар күніне және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Кадр саясатын жетілдіруге ерекше мән беріліп отыр
«Қарулы күштерде әрбір офицер мен сарбаздың кәсіби біліктілігі, моральдық-жауынгерлік рухы жоғары деңгейде болуы керек». Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Қарулы Күштерде көптің көзіне түсіп, былайғы жұрттың назарына іліге бермейтін қызмет түрі бар. Алайда әскери қызметшілердің жай-күйін онсыз елестету мүмкін емес. Қарулы Күштерді заттай мүлікпен қамтамасыз ету жүйесі, азық-түлік қызметін дамытумен айналысатын бұл бағыт – Тыл деп аталады.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Қазақстан армиясы: Отыз жылғы белес
Осыдан отыз жыл бұрын Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетовтің басшылығымен елімізде жаңа Қарулы Күштерін қалыптастыру жөніндегі дайындық жұмыстары басталған еді.