Қоғам • 06 Мамыр, 2022

Әскери кафедрадағы салтанатты жиын

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы, Отан қорғаушылар күніне және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс күнінің 77 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Әскери кафедрадағы салтанатты жиын

Университет ректоры Ерлан Сыдықов жастарға арнаған сөзінде кафедраның қазіргі студенттері Отан­ға адал қызмет етіп, осы салада белгілі бір биіктерге жететініне сенім білдірді.

«Жолдауда Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді қолдауға ерекше назар аударды. Сіздер тұтас стратегиялық саланың дамуына өз үлес­теріңізді қосатындарыңызға се­немін», деп атап өтті Ерлан Батташұлы.

Әскери кафедра меңгерушісі, генерал-майор Еділ Оразов қа­тысу­шыларды келе жатқан ме­реке­лермен құттықтап, Екінші дү­ние­жүзілік соғыстағы майдангер ата-апаларымыздың ерлігі ұмыт қалмайтынын атап өтті. «Олардың соғыс кезінде жасаған ерліктері, жас ұрпаққа мәңгілік естелік және үлгі», деді генерал-майор.

Сондай-ақ кафедра меңгерушісі Еуразия ұлттық университеті әске­ри кафедрасының дамуы туралы айтып берді. «Біздің кафед­рада ел алдындағы борышын абы­­рой­мен атқарып келе жатқан және ал­дыңғы ұрпақтың ісін жал­ғас­тырып жатқан ұрпақ аз емес. Кафедра қызметкерлері студент­терге жоғары интеллектуалдық және кәсіби деңгейде дәріс оқиды. Бай кәсіби тәжірибесінің арқасында олар білім алушыларға әскери-пат­риоттық тәрбие беруде», деп атап өтті ол.

Бұрын Еуразия ұлттық универ­си­тетінің әскери кафедра­сын бас­қар­ған генерал-майор Уәли Ела­манов та салтанатты іс-шара­ға қатысушыларға өз тілегін арна­ды. «Мен Еуразия ұлттық универ­си­тетінің әскери кафедрасы студент­тер­ді жоғары сапалы даярлайты­нын білемін. Олардың ішкі рухы, дайын­дық­тары әскери істерге қатысты әскери мектептердің курсанттарынан еш кем түспейтінін айта кету керек», деді ол.

Сахна төрінен әскери кафедра тәрбиеленушілеріне Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ Ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Күлзира Ысқақова, Нұр-Сұлтан қаласының «Жас сарбаз» қозғалысының өкілі Әділхан Махан­бет және басқалар сөз сөй­леді.

Салтанатты жиын аясында кафедра қызметкерлері мен сту­дент­терді Қорғаныс министрі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректо­ры­ның грамоталарымен марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара ме­рекелік концертпен аяқталды.

Айта кету керек, жиырма жыл ішінде әскери кафедра бес мыңнан астам маман даярласа, олардың 400-і Қарулы Күштер қатарына шақырылған. Бүгінгі таңда 45 адам­нан тұратын кафедраның профессорлық-оқытушылық құ­ра­мы мыңға жуық студентті оқытады.