Білім • 05 Мамыр, 2021
Досмұхамедов университеті – Атырау өңіріндегі білім және ғылым орталығы
Биылғы оқу жылында Атырау өңіріндегі алғашқы және іргелі оқу орны саналатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өзінің 70 жылдығын атап өтті. Осы атаулы кезеңге орай университетте «70 жылдыққа – 70 нақты жетістік» кешенді бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды. Білім, ғылым, мәдениет, спорт, әлеуметтік қолдау саласын қамтыған жоспардың нәтижесінде алға қойған меже орындалды.
Руханият • 05 Мамыр, 2021
Зират көтеру әдебі Алла тағала тіршілік атаулы арасында адам баласын ардақты етіп, ең көркем бейнеде жаратқан. Бұл туралы Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда былайша баяндайды: «Біз, расында да, адам баласын ардақты етіп, көптеген нығметке бөледік: оларға құрлықта да, теңізде де мініс көліктер нәсіп еттік. Таза әрі жағымды азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқандарымыздың көбінен әлдеқайда үстем еттік» («Исра» сүресі, 70-аят).
Қоғам • 05 Мамыр, 2021
Жыл сайын елімізде мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетеді екен. Қазақстанда соңғы бес жылда 17 мыңнан астам адамға іздеу жарияланса, соның 6 мыңнан астамының тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Айдың-күннің аманында адамдар неге жоғалады?
Қазақстан • 05 Мамыр, 2021
Көз жетпес көкжиекке көңіл аударсаң, көгілдір дала кеудеңе еркіндіктің жұпар ауасын құяды. Қырдағы қызғалдағын самалдың нәзік екпіні тербеген сайын тәтті бір иіс жаныңа нұр себетіндей. Сол сәтте құстар шырылы өмірдің тәтті бір әуенін бастағандай болады. Көк аспанға күле шыққан жарық күн бүгінгі өз еншімізге тиген көк тудың табиғаттағы көшірмесі тәрізді. Байрағымыз ең алғаш зеңгірге ұмсынып желбіреген сәт есіме түскенде, мына дала енді мәңгілік менікі екені есіме түскенде кеудемді қуаныш кернейді. Сосын сол асқақ сезімді айтуға тіл жетпейтін бір ғажайып күйге бөленемін. Әне, ертеңіміз есік қағып тұр. Тәуелсіздігіміз тура жолда.
Қоғам • 05 Мамыр, 2021
Ерте дамытуды қолға алмасақ, «z ұрпақ» өзінше өседі
Техника мен технология дамыған заманда ұрпақ тәрбиесі уыстан шығып барады. Бұл шын мәнінде болашағын ойлаған ел үшін ұлттық мәселеге айналуы тиіс. Әлбетте сезімімізге әрдайым уәж табылар, өйткені аталған түйткіл Қазақстанды ғана толғандырмайды. Дамыған елдер де осы жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Ал мұндай тығырықтан бізді не алып шығады?