Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Қайырымдылық адамның асыл қасиеті. Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді.
Әлем • 30 Мамыр, 2020
Сингапурде автобуста телефонмен сөйлесуге тыйым салынды
Сингапур билігі қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салды. Бұған қоса вирусты инфекцияның таралу қаупін азайту үшін автобуста адамдарға бір-бірімен сөйлеспеуге кеңес берілді. Бұл туралы үкіметаралық жұмыс тобының отырысында айтылды. Аталған елде 1 маусымнан бастап карантин режімі біртіндеп алынады деп көзделуде.
Әлем • 30 Мамыр, 2020
Лондонның қоғамдық көлік жүйесіне 1,6 млрд фунт бөлінеді
BBC-дің хабарлауынша, Ұлыбританияның билігі Лондонның қоғамдық көлік жүйесін қолдауға 1,6 млрд фунт (1,95 млрд доллар) бөлмек. Таратылған ақпаратына сәйкес, бұл қаражат Біріккен корольдіктің астанасындағы Transport for London (TfL) көлік операторына беріледі.
Әлем • 30 Мамыр, 2020
Трамп Нью-Йорктің көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлді
Financial Times халықаралық іскерлік газетінің мәліметінше, АҚШ-тың президенті Дональд Трамп федералды қаржыландырудың есебінен Нью-Йорктің қалалық көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлуге пәрмен берген. Бұл туралы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мәлім етті деп жазады басылым.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2020
Қазақстандық жолаушы тасымалдаушылардың табысы 40%-ға азайды
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін тұрақты 117 маршруқа, нақты айтқанда ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияға транзитті жолаушылар тасымалы, сондай-ақ автокөліктің барлық түрлерімен халықаралық жолаушылар тасымалы мен көлік логистикасы уақытша тоқтатылды. Бұл отандық тасымалдаушылардың табысының 40%-ға азаюына алып келді. Қалыптасқан ахуалды реттеу үшін қазір көптеген мемлекеттерде карантин режімі жеңілдетіліп, нарықтағы стейкхолдерлер (мүдделі тарап) біртіндеп кәсібіне кірісті.