Референдум • 26 Мамыр, 2022
Жаңа Қазақстанды жамау-жамау болған, суперпрезиденттік конституциямен құра алмайтынымыз айдан анық. Сондықтан да Президенттің Ата Заңымыздың 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық реформасын толығымен қолдаймыз.
Референдум • 26 Мамыр, 2022
Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің мүшелері өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «Гормолзавод» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті.
Руханият • 26 Мамыр, 2022
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Кешегі қадау-қадау ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің алтын арқауы үзілмейтінін тарих пен уақыттың өзі дәлелдеген шындық. Сахараның сан қырлы мәдениетінің де бір белесі осы – айтыс мұрасы болмақ. Бүгінде оның дамып, халықтың рухани байлығы ретінде жалғасып келе жатқаны қуантады. Дегенмен бұл салада да қордаланған мәселелер бар шығар деген оймен дөңгелек үстел ұйымдастырған едік. Аталған талқыға ақын Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, Филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыстанушы ғалым Қойлыбай Асанов, ақындар Серік Қалиев, Мұхтар Ниязов және Нұрзат Қару қатысып отыр.
Білім • 26 Мамыр, 2022
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан түлектер үшін өміріндегі жауапты сәт, міне. Жауапты сәт деп отырғаным, жандарына жақын мамандық таңдауы керек. Бәлкім, инженер, бәлкім, дәнекерлеуші... Ең бастысы – нағыз маман болып шықсын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бүгінгі таңда еліміздің дамуы үшін техникалық саланы меңгерген мамандар ауадай қажет. Осы орайда ойға оралар университеттердің бірі және бірегейі – Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Мәдениет және спорт министрінің кубогына арналған алғашқы ірі турнирдің финалдық кезеңі өтті. Қазақтың даңқты балуаны, Мәскеу Олимпиадасы чемпионының есімі берілген зәулім спорт кешенінде еліміздің олимпиадалық спорт интернаттары мен колледждерінің 2006-2007 жылдары туған жасөспірім спортшылары екі күн бойы жанкүйерлерге тамаша спорттық мерекені ұсынды.