Руханият • 06 Мамыр, 2020
Анамды ұлықтаған ауылдастарыма ризамын
Алатаудың етегіндегі Тастыөзек ауылында туған Жамал Бекбосынованың (Момытбекова) есімі жерлестерінің есінде. Батырды жыл сайын еске алып, елге еткен еңбегін әлі күнге дейін айтып жүреді.
Руханият • 06 Мамыр, 2020
Жақсыны көру, жүзі жылы, сөзі түзу адаммен тілдесудің өзі бір ғанибет. Шипажайға барғанда, емнен кейін топ-топ болып жүргендердің арасынан иман жүзді біреу жылы ұшыраса, тілдесуге ұмтылатын ежелгі әдетім бар. Бұл журналистер қауымының табиғатына біткен өзіндік бір ерекшелігі болса керек. Өткен жылы Сарыағашқа тынығуға барғанда еңсесі биік, жетпістен асқан кісі кейде жаяулатып жүреді, кейде есікпен төрдей ақ «джиптің» тізгінін қолында ұстайды. «Е, мықтының бірі болды ғой!» – дедім іштей. Бірақ жаяу жүрсе де, көлікпен келе жатса да сәлемдесу ишарасынан жаңылмай, басын изеп, кісілігін көрсетіп жүреді. Сұрастыра келсем «Ақ-Тілек» деген шипажайдың қожайыны екен. Ірі мекеменің ірі бастығы жан тыныштығын әдемі ойластырған болды ғой дедік іштей, пенделікке салып.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Өткен жылы облыс орталығында ашылған «Волонтерлер үйінде» қазір 9 волонтерлер ұйымы құрылып, жұмыс жасауда. Өңірде 10 мыңнан астам волонтер жастар бар. «Шала туған сәбилерге көмек клубы», «Vita» іздестіру тобы, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы», «Мейірімділер клубы», «Павлодарлық волонтерлер клубы» белсенді істерімен танылуда.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Ерен еңбек һәм ұрпақтар сабақтастығы
Аумағы ат шаптырымдай жерді алып жатқан Еділбай сорын жағалаған жыралармен жан-жаққа аққан судың жиналатын жерін халық арасында Қайраң көлі деп атайды. Жаратушының құдіретін осы жерден-ақ байқалып тұр. Әлемді жеті күнде жасаған жаратушы емдік қасиеті бар қара балшықты, тұзды сордың жағалауына суы тұщы, балығы шопырлаған көлді шебер орналастырған. Алыстан көлді жағалай орналасқан мал баққан ауылдардың қостары көзге шалынады.
Таным • 06 Мамыр, 2020
Өзіне сенімді адам ғана ертеңіне үмітпен қарайды. Бұл – заңдылық. «Алдыңа түн емес, күн салып жүр» деген халық даналығының сыры да осында болса керек. Мұнда алды-артыңа қара аспанды төндірмей, әрбір қадамың мен ісіңнен жақсылық күтуді, келешекке қарай сеніммен адымдауды, қазіргі тілмен айтсақ, позитив пен оптимизмді меңзеу бар. Жаратылыстың оң-солын, ыстық-суығын, ащы-тұщысын бағамдау бар. Өзгеге емес, өзіңе сену үшін, ақын Абай өсиеттеген ақыл мен қайрат керек. Ал ақылды әрі қайратты болуға не түрткі болады? Оны біреулер отбасы тәрбиесімен, енді біреулер қоршаған ортаның әсерімен байланыстырып жатады.