Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Төл сөздерімізді қолдану – уақыт талабы
Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңының атауынан бастап, осы заң баптары мен өзге де қолданыстағы заңнама мәтіндерінде орыс тілінен кірме «судья» сөзі үстемдік құрып, мемлекеттік тілдегі тиесілі баламасы бекімей, қоғамда да ауқымды сипатта қолданыс тауып отыр.
Экономика • 28 Мамыр, 2020
Сәуір айында сауда желілерінің, бизнес орталықтарының жабылуына, қозғалыстың шектелуіне байланысты қолма-қол ақшасыз, карточкамен жасалған төлемдердің жалпы көлемі сәуір айында айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
«Жүрдің бе сен тамашалап, көшесінде Абайдың...»
Көпке танымал әннің осы жолдары бұрынғы астанамыз – Алматының келбетін әлі күнге дейін көз алдыңызға әкеледі. Санада жатталып қалған әуені көңілді көкке өрлетіп, Алатаудағы шаһардың саф ауасын, бал татыған алмасын, сұлу көшелерін еске салады. Сол шабытқа елітіп, еліміздің қазіргі астанасындағы көшелерді де әнге қосқың келеді. Өкінішке қарай, ән айту ұзаққа созыла қоймайды. Оның себебі – орталықтағы кең, көрікті, жарық даңғылдардан бөлек, атауы дардай, белгілі тұлғалардың есімдерін иеленген көшелердің көзден тыс, көңілден жырақ қалуы.
Парламент • 28 Мамыр, 2020
Жұмысшылар жазатайым жағдайдан қалай сақтандырылады?
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар кәсіпорындардағы оқыс оқиғалардың алдын алуға, қауіпсіздікті барынша күшейтуге бағытталған заң жобасын кеңінен талқылады.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында «жаман тұмау» жалмаңдап тұр. Әсіресе, Теміртау мен Бұқар жырау ауданында індеттің ірі ошағы пайда болып, «КВИ аурушаңдығы» деген өлшемнің көрсеткішін тым аспандатып жіберді. Жағдай осылайша қалыптасқан соң, өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аталған қала мен ауданның әкімдеріне коронавируспен күресті әлсіз жүргізгені үшін сөгіс берді. Ал алдыгүні облыс әкімі жергілікті Saryarqa телеарнасында брифинг өткізіп, өңірдегі қалыптасқан жағдай туралы және атқарылып жатқан шаруалар жайында егжей-тегжейлі айтып берді.