Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Бүгін елордада 6 мың түлек үшін соңғы қоңырау соғылды
2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 6274 адам мектеп бiтiредi. Бүгін қаладағы барлық мектептерде түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.
Руханият • 25 Мамыр, 2019
«Үркер» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Тағайындау • 25 Мамыр, 2019
Саидмұрат Тәңірберген Қауіпсіздік Кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды
Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Оралда жас мемлекеттік қызметшілердің тіл байқауы өтті
«Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тіл шебері-2019» атты жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық байқау ұйымдастырды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Батысқазақстандық компаниялар «ҚПО б.в.» компаниясымен 5 келісімшарт жасады
Батыс Қазақстан облысындағы мұнай өндіруші компанияларда жергілікті үлес көбейіп келеді. Бұл жөнінде «ҚПО б.в.» «Мұнайгаз өнеркәсібіне арналған машина жасау» кластерінің жол картасын жүзеге асыру шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту жөнінде өткен семинар-кеңесте айтылды.