Өнер • 26 Мамыр, 2021
1979 жыл. Аустрияның астанасы Вена қаласында дүниежүзілік музыка фестивалі өтіп жатқан сәт. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнер ерендері мемлекеттерінің кезек реті бойынша өнер көрсетуде. Кезекті өнерпаздан соң «Кеңес Одағының әртісі Қайрат Байбосынов ән шырқайды», деп хабарлады фестиваль жүргізушілерінің бірі. Сахнаға үкісі желбіреген Қайрат Байбосынов көтерілді. Әнші толқулы еді. Себебі әлгінде ғана даусы жер жарған опера өнерінің небір саңлақтарынан кейін мұның домбырамен айтқан әнін Еуропаның талғампаз тыңдаушысы қабылдай қояр ма екен?
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Жазғы демалыс маусымын қалай өткіземіз?
Оқу жылын аяқтаған оқушылардың бәрі де жаз мезгілін ойдағыдай өткізгісі келеді. Бүгінде олардың жазғы маусымын тиімді өткізу мақсатында Жамбыл облыстық білім басқармасы тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте орын алып отырған ахуалға байланысты санитарлық талаптар мейлінше сақталатын болады.
Өнер • 25 Мамыр, 2021
Қызылордадағы Жастар театрының репертуары тағы бір жаңа қойылыммен толықты. Мәдениет және өнер саласы өкілдерінің мерекесі күні театрда «Екі бала – екі шал» спектаклінің премьерасы өтті.
Спорт • 25 Мамыр, 2021
Дзюдошылардың деңгейі Мажарстанда белгілі болады
Қазақстан құрамасының дзюдошылары маусымның 6-13 күндері Будапештте (Мажарстан) өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Руханият • 25 Мамыр, 2021
Елордадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияны қаланың жергілікті тұрғындары «қазақ білімінің қарашаңырағы» деп атайды. 115 жылдық тарихы бар әйгілі мектеп-гимназиядан осы уақыт аралығында қаншама талапты жас үлкен өмірге жолдама алғаны аян. Бірақ, өкінішке қарай, білім ордасының бір ғасырлық тарихы осы кезге дейін жүйеленіп, бір ізге түсіріліп, жарыққа шықпаған екен.