Руханият • 27 Мамыр, 2020
1947 жылдың сәуір айында, Алматыда, Түркістан әскери округінің трибуналы «Түркістан легионына» қатысы бар деп есептелген бір топ соғыс тұтқындарының ісін қарады. Соттың үкімі бойынша ату жазасына кесілгендердің ішінде ақмолалық үш жігіт бар еді. Олар Қорғалжын өңірінен – Хәкім Тыныбеков, Артур Қолдыбаев және Сталин (қазіргі Ақкөл) ауданындағы сол кездегі Калинин атындағы колхоздан – Нұрқан Сейітов. 1947 жылдың сәуір айында, Алматыда, Түркістан әскери округінің трибуналы «Түркістан легионына» қатысы бар деп есептелген бір топ соғыс тұтқындарының ісін қарады. Соттың үкімі бойынша ату жазасына кесілгендердің ішінде ақмолалық үш жігіт бар еді. Олар Қорғалжын өңірінен – Хәкім Тыныбеков, Артур Қолдыбаев және Сталин (қазіргі Ақкөл) ауданындағы сол кездегі Калинин атындағы колхоздан – Нұрқан Сейітов.
Экология • 27 Мамыр, 2020
Ақтөбе секілді жыл сайын өсіп-өркендеп келе жатқан қаланың бір кемшін тұсы бар. Бұл тал-теректердің аздығы, барының өзі көкке бой созып өсе алмауы. Ағаш – қаланың өкпесі, оның тынысын кеңейтетін ағзасы. Салыстырмалы түрде қарастырғанда Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы төмен десек шындықтан алшақ кетпейміз.
Экология • 27 Мамыр, 2020
Былтыр жыл соңында өткен Үкімет отырыстарының бірінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңадан дайындалған Экологиялық кодекстің жобасы туралы баяндама жасап, елімізде 3,5 мың қалдық пен қоқыс полигонында 120 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтың жиналғандығын, жыл сайын олардың 5 млн тоннаға жуық көбейетіндігін, сол қалдық пен қоқыстардың қайта өңделуінің көлемі 11,5 пайыздан аспайтындығын айтқан еді.
Ғылым • 27 Мамыр, 2020
Ойлап тапқан дүниесіне демеуші жоқ
Шетелдерде әлдебір нәрсені ойлап тапқан оқушыны көрсек, қызығып, «біздің балалар да осындай болса екен» деп «қызғанып» та қалатынымыз бар. Міне, енді біз де өзіміздің өнертапқыш оқушылармен мақтанатын күнге жеттік. Елордадағы №73 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы мүгедектерге арналған арбаны автоматтандыратын құрылғы ойлап тапты. Оның құрылғысы нарықтағы автоматтандырылған арбалардан арзан әрі аккумуляторы ұзаққа шыдайды.
Ғылым • 27 Мамыр, 2020
Ғылымда сөзден іске көшу қиын ба?
Жалпы ғылымда ең жиі айтылатын зерттеудің екі түрі бар. Оның бірі – іргелі зерттеу де, екіншісі – қолданбалы зерттеу. Әдетте техникалық және жаратылыстану бағытында жүргізілетін қолданбалы зерттеудің нәтижесін көзбен көріп, қолмен ұстап, өнімін өндіріске енгізе аламыз. Ал көбіне-көп адамзат өміріне қатысты қолға алынатын осы бір іргелі зерттеулердің өнімділігі, пайдасы оның нәтижесін қоғам қажетіне қолданумен өлшенеді. Біз бүгінде сол құнды зерттеулердің жемісін қажетімізге қаншалықты қолданып жүрміз? Оның маңызы неде? Іргелі зерттеулердің жүргізілмеуі немесе ондағы дәлелдемелерді қолдану қоғамды, әрісі адамзат, берісі бір мемлекетті қандай жетістікке жетелеуі мүмкін? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.