Қоғам • 24 Маусым, 2021
Таңбалау тауарды қымбаттатпасын
Қазіргі уақытта Қазақстанда сүт өнімдерін цифрлы таңбалауды енгізудің қанатқақты жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Цифрлы экономиканы дамыту орталығы өнімді таңбалау үшін бизнестің болжамды шығындар есебін жасады.
Қоғам • 24 Маусым, 2021
Алматыдағы Президент архивінде ТМД елдері жас архившілерінің IV Жазғы мектебінің ашылуы өткізіліп, жұмысын бастады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, тарихты сақтаушыларға халықаралық білім беру жобасын ұйымдастыруды бастаған болатын. Дәстүрге айналған жастар форумы биыл бірінші рет бейнеконференциялық байланыс түрінде өткізілуде.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Полиция департаментінің басшылары 2018 жылы 34 учаскелік полиция бекетінің жаңа ғимаратын салу жөнінде Атырау облысы әкімдігіне ұсыныс берген еді. Содан бері 28 учаскелік полиция бекеті пайдалануға берілді. Енді тағы да осындай бес бекетті ашу жоспарланыпты. Исатай ауданындағы Х.Ерғалиев және Тұщықұдық ауылында әрі кеңсесі, әрі тұрғын үйі бар ерекше учаскелік полиция бекеті ашылды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Өңірдегі сауда экономикалық айналымы жыл өткен сайын көбейіп келеді. Тіршіліктің күретамыры – жолға да салмақ түсіп тұр. Бір жақсысы, биыл негізгі жүк тасымалы бағыттары бойынша жол жөндеу жұмыстары қолға алынуда.
Білім • 24 Маусым, 2021
«Абай-Верн» ұтқырлық білім беру бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Бағдарлама бойынша 30-дан астам қазақстандық магистрант пен доктарант Францияда тегін білім ала алады.