Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Мұнай химиясы: игерудің игілігін ел көреді
Өткен жылдың тамыз айында Батыс Қазақстан облысының әкімі өңір кәсіпкерлерімен бірге Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барған болатын. Кейін Орал қаласында «WestKazInvest 2016» форумы өтті. Міне, осынау іскерлік кездесулер нәтижесінде «QazChem» атты Қазақстан-Иран-Канада бірлескен кәсіпорны құрылып, іске кірісті.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
10 жылда – 2 миллион тонна алюминий!..
Бұл меже облыс орталығындағы құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ іске қосылғаннан бергі 10 жылдағы тағы бір жетістігі. Өндіріс орны жаңа жетістіктерге жаңа технологиялық құрылғыларды, ерекше жаңашыл шешімдерді қолдану арқылы жетті. Қазір кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлері жобалық көрсеткіштерді орындау жолында еселі еңбек етуде.
ЮНЕСКО ғалымдарының есептеп, пайымдауынша Қазақстанның жері тиімді пайдаланылған жағдайда 1 миллиард адамды асырай алады екен. Осы сөзді ауыл шаруашылығына негіздеп айтар болсақ, оған жер жағдайының мүмкіндік беретіні күмәнсіз. Ал жалпы жер қорының үлесіндегі алқаптардың 82 пайызын немесе 225,5 миллион гектар жерді ауыл шаруашылығы секторындағы еңбеккерлер игеруде.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Ауылдағы баламалы энергия көзі
Қызылжар өңірінен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу бақытына ие болғандардың бірі – «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Назарбаев зияткерлік мектептері елордада «ЭКСПО-ның жас елшілері» атты жазғы мектептің тұсауын кесті. Жазғы мектепке еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 бала халықаралық көрменің керемет жобаларымен таныспақ.