Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Онкологиялық ем-дом алып жатқан балалар сабақтарын «ақылды сыныпта» оқиды
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында онкологиялық ем-дом алып жатқан балалар озық қондырғылармен жабдықталған «SmartSchool» оқу сыныбында сабақтарын жалғастыра алады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Жамбылда менингококк қатаң бақылауда
«Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей, аты суық, заты қауіпті менингококк дертінің көптің мазасын кетіргеніне де біраз уақыт болды. Ғаламдық дерттің ғайыптан тайып келгендей, ел ішіне енуі шынында да көпті ойландырумен қатар, үрей де тудырды. Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, қала берді ғаламторда қауіпті дерттің қасіреті жайлы айтылып келеді. Аталған ауру түрінің алғашқы белгілері, одан кейін тиісті мамандардың ескертулері де қарапайым халықты бей-жай қалдырған жоқ. Қалай болғанда да халықтың денсаулығын нығайту, аурудың алдын алу мәселелері бұл күнде айрықша маңызды болып отыр.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Диагнозды дұрыс қоятын дәрігер
Медицинаның жетістіктері диагностика мәселелерін жолға қойды. Ел өңірлерінде компьютерлік (КТ) және магнитті-резонанстық томографиялардың (МРТ) көмегімен кез-келген ауруды дәл анықтау деңгейі арта түсті.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Әлемде аутоиммунды аурулар көбейіп барады
Аутоиммунды аурулардың 100-ден астам түрі бар. Әлемде аталған сырқатқа шалдыққандар саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл адам өмірін орта есеппен 15 жасқа қысқартатынын еске алсақ, аутоиммунды аурулармен күрестің қаншалықты маңызды екенін аңдауға болады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Тау баурайында бапталған бал қымыз
Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктеріндегі ауылдарының бал қымызына сұраныс жоғары. Мысалы, Төлеби ауданындағы Диханкөлдің қымызын ауылға алыстан ат арытып арнайы келіп алып кететіндер көп. Дегенмен, бүгінде Оңтүстікте қымыз баптауда бәсекелестік күшейе түскен.