Білім • 19 Маусым, 2018
100 оқулық – әлеуметке арналған оқулық
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әлеуметтік-гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аударту мәселесін қозғаған болатын. Міне, осы міндетті жүзеге асыру арқылы болашақ мамандарға таңдаулы шығармалармен ана тілімізде танысуға, білім алуға мүмкіндік берді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Батыс Қазақстанда өлкетанушылар форумы басталды
Орал қаласында «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық өлкетанушылар форумы басталды. Шара бір аптаға созылады. Форум аясында қатысушылар өңірдегі жалпыұлттық киелі жерлер тізіміне енген 7 нысанмен танысып, пленарлық, секциялық жұмыстар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сондай-ақ облыстық музейде суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі өтеді.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Доллардың қымбаттауы бәсеңдер емес
Кеше Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі сауда сессиясының нәтижелерін жариялады. Саудаға KASE валюталық нарығының 22 мүшесі қатысты. Өткен аптаның басында байқалған АҚШ долларының қымбаттау қарқыны әлі бәсеңдер емес. Кешегі сауда сессиясында оның бағамы 1 долларға шаққанда 339,15 теңгені құрап, тәулік ішінде 2 теңгеге көтерілгенін көрсетті.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Өркендеудің өркениетті жолы. Бағалы қағаздар нарығының бүгіні мен болашағы қандай?
Биікке өрлеген сайын жолдың қиындай беретінін тауға шыққандар мен асулардан асқандар жақсы біледі. Жылдан- жылға дамып келе жатқан Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдай да осыған ұқсас. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағындағы ең әуелгі міндет ептеп қаржы тауып, бюджет жыртықтарын бүтіндеу болатын. Оған қол жеткіздік. Мұнан кейін экономиканы қорландыру қажет болды. Ол да сәтімен жүзеге асып, инвестиция үшін тартымды елдердің біріне айналдық. Енді алдымыздан заңды тұлғалар мен қарапайым халықтың қолында, зейнетақы жинақтаушы қорларда жинақталған қаржыны қайда жұмсаймыз, қалайша тиімді пайдалануға болады, бір саладағы басы артық қаржыны оған мұқтаж болып отырған екінші салаға берудің қандай жолдары бар деген сұрақтар бас көтерді. Үкіметке оның да айла-амалы белгілі. Ол үшін бағалы қағаздар рыногын дамыту қажет. Сонда ғана халық пен заңды тұлғалар қолындағы қаржы оны қажет ететін тиімді салаларға инвестиция болып ағылады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Темекі тартуды қоюға не кедергі?
Қазақта «Бірінші байлық – денсаулық» деген сөз бар. Алайда қазіргі таңда осы баға жетпес байлығымызды будақ-будақ темекі түтініне тұншықтырып отырған жайымыз бар. Бұл қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың да денсаулығына ерекше қауіп төндіретін қатер. Сонымен қатар темекі адам денсаулығынан бөлек, ел экономикасына, әлеумет әлеуетінің де күрт әлсіреуіне бірден-бір көлденең кесел. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, бүгінде Еуразия құрлығының жарты миллион тұрғыны жылына осы темекіден көз жұмады.