Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Әйелдер кәсіпкерлігі – үлкен күш
Қостанайда «Шекара бойындағы ынтымақтастық – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты әйелдер форумы өтті. Облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырған бұл алқалы басқосуға Ресейдің Қорған, Орынбор, Челябі, Қазақстанның Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы іскер орталардан барлығы 250 өкіл қатысты.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Елорда меймандарды қарсы алуға дайын ба?
Астананың Арқа төріне қоныс аударғанына да аттай жиырма жыл заулап өте шықты. Елдегі және халықаралық аренадағы сан салалы мәселелер талқыланатын басты алаң болғандықтан, шаһарға әрісі – алыс шетелдерден, берісі – өзіміздің өңірлерден келушілердің қарасы қалың екені түсінікті. Ал қалаға келген әр мейманның ұмытылмас әсер алып, жақсы пікірде қалуы үшін қызмет көрсетудің жоғары деңгейде жүргізілуі аса маңызды.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Айман Мұсақожаева: Астана арманыма жол ашты
Менің Астанаға келуім де, Арқа төрінде өзім өмір бойы армандаған Өнер университетін ашуым да тек қиял-ғажайып ертегілерінде ғана болатын таңғажайып оқиғадай көрінеді.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Ұлттық экономика министрі халыққа есеп берді
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиында ол Ұлттық экономика министрлігі қызметінің 2017 жылдың негізгі қорытындылары және үстіміздегі жылдың міндеттері туралы баяндады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Жатақхана мәселесі оң шешіледі
Кеше Үкімет үйінде Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мен Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында студент жастарды жатақханамен қамту мәселесі кеңінен сөз болды.