Қоғам • 21 Маусым, 2024
БАҚ: Мемлекет және қоғам мүддесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, қабылданған жаңа заң – Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасының қорытындысы, нақты нәтижесі.
Шаруашылық • 21 Маусым, 2024
Жетісуда биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 34,9 млрд теңге бөлінген. Оның 23,2 млрд теңгесі субсидия түрінде берілген. Былтыр өнім көлемі 1,2% өсіммен 57,8 млрд теңгеге жетті. Осы маусымда егіс аумағы 7 мың гектарға ұлғайып, 524,8 мың гектарды құрады. Мемлекет тарапынан қызылша өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұны облысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.
Өндіріс • 21 Маусым, 2024
Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) – отандық экономиканың қуатын арттыруға елеулі үлес қосып отырған алып өндіріс орнының бірі ғана емес, ішкі нарықты сапалы көлік отынымен қамтитын стратегиялық нысан. Кейінгі жылдары өндіріс орнының технологиясы айтарлықтай жаңара түскен. Нәтижесінде, зауыт еуропалық және ЕАЭО-ға сәйкес сападағы бензин мен битум өндірісін айтарлықтай ұлғайтты.
«Таза Қазақстан» • 21 Маусым, 2024
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы тарихи-мәдени орындарда жалғасын тауып, аталған орындардың келіп-кетушілерге қолайлы, таза болуына үлес қосты.
Ауыл • 21 Маусым, 2024
Осыдан он ай бұрын Шет ауданының Талды ауылында әкім сайлауы өтті. Оған «Қазақстан» ұлттық арнасының Қарағанды қосынына он бес жыл бойы жетекшілік еткен журналист Нұрлан Әбжанов өз кандидатурасын ұсынды. Осы өңірдің топырағынан өсіп-өнгендіктен халық қолдап, 251 дауыс жинап, әкім болып сайланды.