Қоғам • 22 Маусым, 2022
Шегірткеге қарсы күрес басталды
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерді шегіртке және карантиндік зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жұмыстарымен хабардар етті.
Қоғам • 22 Маусым, 2022
Әуелгі назарды әлеуметтік қолдауға аударған жөн
Жаңа Қазақстанның алдында тұрған жарқын міндет – жұртты жұдырықтай жұмылдырып, ұлтты балталаса бұзылмайтындай етіп ұйыстыру. Әрине, жылдар жылжыған сайын тұрғындардың тұрмысы түзеліп, белгілі бір деңгейде жағдайы жақсарып келеді. Алайда бес саусақ бірдей емес. Өмір болған соң адамзат баласы түрлі қиындықтарға тап болып, оқыс оқиғаларға ұшырап жатады. Сондықтан әлеуметтік көмек көрсету, қолдау шаралары жолға қойылған мемлекетте ғана халықтың өмір сапасы артады, ұлт болып ұйысады.
Бизнес • 22 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстанды құруға қадам жасалып жатыр. Демек бәрі жаңаруы қажет. Осы орайда кәсіп ашып, отандық экономиканы өркендетуге үлес қосуды көздейтін кәсіпкерлер жетерлік. Алайда олардың кейбірі бұрынғыша алдынан кесе-көлденең қойылатын кедергіден құтыла алар емес. Кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП-ның Атырау өңірлік филиалына өздері тап болып отырған 35 мәселені шешіп беруді ұсынған.
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
Ұлттық идея бір-бірімізді тыңдаудан басталса игі
American Dream немесе «америкалық арман» ұғымы Америка Құрама Штаттарының миллиондаған халқын өркениетті өмірге жетелейтін ұлттық идеяға айналғалы қашан?! Сол секілді қытай халқының ұлы реформаторы Дэн Сяопиннің реформалар мен ашықтық саясаты да ханзу жұртын бір тудың астына жұмылдырып, Қытай елі дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын тарихтан білеміз. Ал Қазақстан халқын қандай ұғым біріктіреді?
Медицина • 22 Маусым, 2022
Үздік ауруханада үлгілі іс көп
Адамдардың мүлде ауырмағаны жақсы, әрине. Дегенмен науқастанып қалғандардың бүгінде сапалы емдейтін, білікті дәрігерлері бар ауруханаға немесе емханаға таңдау жасайтыны мәлім. Бұл орайда көпшілік Түркістан облыстық клиникалық ауруханасын таңдайды екен.