Медицина • 19 Маусым, 2019
Денсаулық және білім саласындағы тың өзгерістер
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы баяндалды.
Сұхбат • 19 Маусым, 2019
Тиімді менеджмент – университет жетістігінің басты факторы
Бүгінде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында кешенді міндеттер тұр. Ол өндіріс көлемін арттыру, бәсекеге қабілетті, экспортқа бейімделген ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және осы саладағы еңбек өнімділігін 2022 жылға қарай 2,5 есе арттыру. Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық университеті жаңа буындағы білікті мамандарды дайындап, тиімді менеджмент қолдану арқылы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнына трансформациялануда. Осы орайда біз университет ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Исабайұлы ЕСПОЛОВПЕН сұхбаттасып, оқу орнында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар барысымен және трансформациялау тәжірибесімен бөлісуді өтіндік.
Экономика • 19 Маусым, 2019
Зығыр өндіруден бірінші орында
Өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың нәтижесінде былтыр майлы дақылдардың жалпы индексі 2, 7 млн тоннаны құрады. Қазақстан зығыр өндіру көлемін 930 мың тоннаға жеткізіп, әлемдік рейтингте 1-ші орынға шықты. Жағымды статистиканы «Қазмедиа» орталығында өткен халық алдындағы есепте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров келтірді.
Үкімет • 19 Маусым, 2019
ҚХА депутаттық тобының отырысы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысы өтіп, оның күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасынан және сайланған Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуінің ресми рәсімінде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттері туралы» мәселе қаралды.
Медицина • 19 Маусым, 2019
Алматы облысының «Үздік дәрігеріне» жеңіл көлік сыйға тартылды
Өкінішке қарай қоғамда денсаулық сақтау саласын сынамайтын адам кемде-кем. Әрине оның ішінде орнымен айтылған уәж де, дүрмекке ілесіп дақпырт сөз айтып жіберу де бар. Алғашқы топтың ащы дауысы жанайқай мен жанашырлықтан шыққан болса, екінші қауымның ниеті сырттай тон пішу сияқты. Қалай болғанда да, отандық медицина саласы қызметкерлерінің денсаулық күзетіндегі ерлікке пара-пар еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды.