ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
Жер аумағының көлемі бойынша Нидерланд Корольдігін үлкен мемлекет деп айтуға келмейді. Жер көлемі және халқының саны жағынан бұл мемлекет әлемде тиісінше 134-ші және 65-ші орындарды иеленеді. Алайда, экономикалық көрсеткіштері жағынан Нидерланд Корольдігі, бұл елді Голландия деп те атайды, дүние жүзінің көптеген елдерінен оқ бойы алда келеді. Голландия экономикасы әлеуеті жағынан әлемде 17-ші орынды, Еуропалық одақта 6-шы орынды иеленеді. Нидерланд мемлекеті еліміздің елордасында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдірген алғашқы мемлекеттердің бірі.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Франция павильонындағы ақынмен жүздесу
ЭКСПО көрмесіндегі ең ірі павильондардың бірінен саналатын Франция павильоны әрқашан келушілерге толы. Бұл жолы да павильонға келген көрермендер ерекше әсерлі кездесудің куәсі болды. 16 маусым күнгі түс әлетінде Франция Республикасының павильонында қазақтың біртуар перзенті, асқақ ақын Олжас Сүлейменовпен кездесу өткізілді.
ЭКСПО-2017 • 19 Маусым, 2017
Жаһандық жаңалыққа ынтыққан әлем туристерінің ат басын тірейтін орталығына айналған ару Астананың ажары арайлана түсіпті. Әсем Астананың ортасындағы болашақ қаласы – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қалашығы Арқа төсіне асыққан төрткүл дүние туристерін кідіріссіз қабылдап, қайталанбас қызықтарға кенелтуде. Маусымның 16 жұлдызындағы Астананың арайлы таңы дауылпаз үнін дүбірлеткен асқақ әуенмен үндесе атты. ЭКСПО қалашығындағы Қытай павильонының алдында шымқай қызыл ұлттық киімдерін киген қытайлық бишілер мен барабаншылар келген қонақтарды риясыз көңілмен қарсы алып жатты.
Қазақстан • 19 Маусым, 2017
Ұлттық музей Тұңғыш Президент – Елбасы қорымен бірлесіп қазақстандық танымал суретші Сәуле Сүлейменованың «Somewhere in the great steppe. Көкжиек» атты көрмесінің ашылу салтанатын ұйымдастырды.
Аймақтар • 19 Маусым, 2017
Қарауылдағы қымызқұмарлар қоғамы
Абай ауданының орталығы – Қарауыл ауылында осындай бір ерекше қоғам бар екен. Мұны әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің елдегі сенімді серігі болған, «Дана Мұхтардың дара шәкірті» атанған, қаламгер Кәмен Оразалиннің ұлы Елдар ағамыздан әңгіме арасында естідік.