Аймақтар • 19 Маусым, 2017

Қарауылдағы қымызқұмарлар қоғамы

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай ауданының орта­лы­ғы – Қарауыл ауылында осындай бір ерекше қоғам бар екен. Мұны әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің елдегі сенімді серігі болған, «Дана Мұхтардың дара шәкірті» атанған, қаламгер Кәмен Оразалиннің ұлы Елдар ағамыздан әңгіме ара­сында естідік.

Қарауылдағы  қымызқұмарлар қоғамы

Сөйтсек, қы­­мызқұмарлар қоғамының құ­рылуына осындағы есімі ел­ге белгілі ақын Төлеген Жанғалиев пен Семейдегі об­­лыстық өлкетану мұ­ра­жайы­ның Абай ауда­нын­дағы филиалының меңге­рушісі Малғаждар Жүніс­жанов ұйытқы болыпты. «Осыдан екі-үш жыл бұрын Төлеген екеуміз кейде жас­тармен бірге далаға шығып, кейде ауыл ішінде ара-тұра қымыз ішіп, өзара әңгі­мелесіп жүретінбіз. Сосын ойладық, «осы Қарау­ыл­дағы жөн-жо­сықты бі­летін салиқалы аза­мат­тар бар. Соларды не­ге қата­ры­­мызға қос­пас­қа?!» деп. Сөй­тіп, Ел­дар Оразалин, Төлеу­бай Аман­ға­зин, Совет Мах­метов, Әсет Мыр­зақасым сынды ауыл­д­ың бас көтерер азаматтары қатарымызға қосылды. Ал­дағы уақытта осы игі дәстүрді ауданда кеңірек наси­хаттап, кейінгі буын жас­тарға үлгі көрсетсек деген ойымыз бар», – дейді мал­ғаждар ақсақал.
«Қарауылдағы қымыз­құ­марлар қоғамы» деп өзі айдар таққан шағын топтың мүшесі, ақын Тө­леген Жан­ғалиев отырыс­та тек қы­мыз ішумен ғана шек­тел­мейтінін, бұл жердегі мәс­лихаттың мәні бөлек еке­нін айтады. «Біз «Кеше ана басылымнан мынадай ма­қала оқыдым», «мына газет­тен анадай өлең оқыдым» деп бастаймыз да, әрі қарай іліп әкетеміз. Бірі­міз өлең оқимыз. Қоғам­дағы әртүрлі та­қырып­тар­ды талқылап, та­л­­-
даймыз. Қымыз ішіп отыр­ғанда ай­ты­латын әңгіменің жөні бөлек қой», – деген ол қы­мыз­ды Саржал ауылынан ар­найы алдыратындықтарын жет­кізді.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы

Суретті түсірген автор