Қазақстан • 19 Маусым, 2017

Франция павильонындағы ақынмен жүздесу

167 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ЭКСПО көрме­сіндегі ең ірі павильондардың бірі­нен саналатын Фран­ция пави­льоны әрқашан келу­шілерге толы. Бұл жолы да павильонға келген көрер­менд­ер ерекше әсерлі кез­десудің куәсі болды. 16 мау­сым күнгі түс әлетін­де Фра­н­ция Республикасы­ның павильонында қазақтың біртуар перзенті, асқақ ақын Олжас Сүлейменовпен кездесу өткізілді.

Франция павильонындағы ақынмен жүздесу

«Франция павильоны тек қана озық технологиялар мен заманауи инновациялардың ғана орталығы емес, сонымен бірге, ол әлемдік мә­де­­ниеттің де үнқатысу алаңы бо­лып табылады. Міне, соның ай­шық­­ты дәлеліндей, бүгін біздің орта­мыз­ға планетамыздың танымал тұл­ға­сы Олжас Сүлейменов мырза келіп отыр. Сіз, қадірлі Олжас Омар­ұлы, дүние жүзінің оқыр­мандарын ұйыт­­қан 16 кітап жаздыңыз. Сіз­дің 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кіта­­бы­ңыз Сізді әлемге таныт­ты, әлем оқыр­мандарын қазақ ақы­ны­ның ұлы­лығына тәнті етті. Қадір­лі Сүлей­менов мырза, Сіз «Нева­да Семей» қозғалысын өмір­ге әке­ліп, ядролық сынақ алаң­дары­ның жабылуына себепкер бол­ды­ңыз. Біз Сіздің Франция павильо­нына келуі­ңізді зор қуанышпен қа­был­­да­дық. Бұл біздің елімізге деген Сіз­дің тарапыңыздан жасал­ған үл­кен құр­мет деп білеміз. ЮНЕСКО-ның ел­шісі ретінде Сіз біз­дің пла­не­та­мыз­дың болашағын қа­лай бол­жайсыз?» – деді кездесуді аш­қан Фран­ция павильонының Бас ко­мис­­сары Пас­каль Лоро құттықтау сөзінде.     
Жиналған жұрттың ду қол шапа­­лақ­тауымен сөз кезегі Олжас Сүлей­меновке берілді. «Тәуелсіз Қаза­қ­станның елордасында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықара­лық көрмесінде әлемнің 115 мем­лекетінің павильоны бар екен. Солай бола тұрса да ЭКСПО көр­­месімен таны­су сапарымды мен Франция Респуб­ликасының па­вильонынан бастадым. Оған менің ұзақ жылдар бойы Францияда тұрып, еңбек еткендігім ғана себеп болған жоқ, мен ежелгі Францияға, бұл елдің мәдениеті мен әдебиетіне балалық шағымнан жақын болып өстім. Сондықтан көрмедегі осы елдің павильонына келуді өзіме парыз санадым», деді өз сөзінде Олжас Сүлейменов. 
Одан әрі ақын Парижде еңбек еткен күндердегі естелігімен бөлі­сіп, адамзаттың алдында тұрған келелі проблемаларды да тілге тиек етті. «Қазақстанда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінің бас тақырыбы – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде адамзатты баламалы қуат көз­дерін игеру проблемасы ерекше толғандырып отыр. Бірқатар елдер, оның ішінде Франция күн энергиясын игеруді бастап отыр. Адамзат күн энергиясын толық игерген кезде бізге басқа энергия көзі қажет болмауы мүмкін. Күн – бұл сарқылмас энергия. Күн энергиясы адам баласына толықтай қызмет еткен кезең­нен бастап көмір, газ және атом арқылы алынатын энергияға деген сұраныс өзінен өзі жойылады. Өкінішке қарай, бүгінде Франция атом электр стансалары энергиясын ең көп тұтынатын ел болып отыр. Біз, «Невада-Семей» қозғалысы Қазақстанда атом энергия стансасын салуға қарсы болып келеміз. Әрине, атом энергиясы – ең арзан энергия көзі. Оның үстіне Қазақстан уран өндіруде әлемде көшбасшы болып табылады. Бірақ ұрпақ болашағы үшін атом электр стансасын салу қауіпті. Міне, сондықтан да Қазақ­стан «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта көрме өткізіп, адам­затты толғандыратын көкей­кес­ті мәселені күн тәртібіне шыға­рып отыр. Бұл Қазақстанның қанша­лық­ты өркениет биігіне көтеріл­генін көрсетеді. ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі балама қуат көз­дерін ашуда тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін игі жетіс­тіктер әкеледі деп сенемін», – деді ақын сөз түйінінде. Одан әрі жи­налған жұрт Олжас Сүлейменовке көптеген сұрақтар қойды. Ақын жұрттың сұрағына жан-жақты жауап қайтарып, Орталық Азия, тіпті, ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақ­станда алғаш рет өткізіліп отырған Бүкіләлемдік көрмеге сәттілік тіледі. 
Өз кезегінде ЭКСПО-2017 ха­лық­­аралық мамандандырылған көр­ме­­сіндегі Франция Комис­са­риа­тының сыртқы коммуни­кациялар директоры Малгожата Туард ақынға салиқалы кездесу өткізгені үшін шынайы алғы­сын жеткізіп, оның белсенді әлеу­меттік және гуманитарлық қызме­тіне үлкен табыс тіледі.