Оқиға • 18 Шілде, 2024

Қос азаматтық алған америкалық ерлі-зайыптыларға айыппұл салынды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қос азаматтық алған америкалықтарға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қос азаматтық алған америкалық ерлі-зайыптыларға айыппұл салынды

Фото:class-tour.com

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесінің көші – қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚКҢ-мен бірлесіп Түркістан-Ыстанбұл қатынасымен рейске тіркелу кезінде ерлі-зайыптыларды тоқтатқан. Анықталғандай, 54 және 45 жастағы әйелі мен күйеуінің қос азаматтығы болған.

«АҚШ азаматтарына қатысты шетел азаматтығын алу фактісін заңнамада белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Іс Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Сот шешімі бойынша шетелдіктерге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Жалпы, 2024 жылы көліктегі ПД қызметкерлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1483 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 484 шетел азаматы сот шешімімен елден шығарылған. Сондай-ақ қос азаматтығы бар 181 адам анықталған.