Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды
Т.Рысқұлов ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданның бірі. Кезінде Абсент сынды арғымақ баптаумен аты шыққан ауданда бүгінде ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамыған. Мәселен, «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңір дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. 2016 жылы құрылған зауыт қазіргі таңда 11 пайыз қуатында жұмыс істейді.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Еңбек нарығында ескеретін ерекшелік көп
Жалақы дер кезінде төленбеcе, жұмысшының мүддесі мен құқығы тапталса, заң жүзінде еңбек адамын қорғайтын жалғыз ұйым – кәсіподақ. Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайтын, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген келісімдер, ұжымдық шарттар жасап, оның орындалуын қадағалайтын да әзірге осы ұйым. Сондықтан кәсіподақтың халықаралық ұйымдармен интеграциялануы өзекті мәселе.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Баспанаға аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі
Иә, бүгінгі мақаламыздың тақырыбына шығарып отырғанымыздай, Ақтөбе облысының әкімдігі баспанаға аса мұқтаж жандарды қолдаудың байыпты бағдарламасын бекітті. Бүгінде оның нақты тетіктері жасалып, бұл бағыттағы жұмыстар жүзеге аса бастады.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Жаңа мүмкіндіктерге кең жол ашады
Бүгінде мемлекеттік қамқорлықтың арқасында медицина саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Біз мұны өңірдің денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстардан көріп отырмыз.
Аймақтар • 18 Маусым, 2019
Медициналық мекемелердің жабдықталуына 5,2 млрд теңге бөлінген
Соңғы жылдары Түркістан облысының денсаулық саласында оң өзгерістер байқалуда. Оған Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Түркістанға көшірілген әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерісі оң әсерін тигізді. Мысалы, Түркістан өңірінде соңғы 7-8 жылдың көлемінде ірі емханалар салынбаған екен. Ал биыл Жетісай, Мырзакент, Атакент, Сайрам мен Кентауда құрылысы жүріп жатқан бес емхана ел игілігіне пайдалануға берілмек. Олардың әрбірі бір ауысымда 500 пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы. Келесі жылы осындай емхана Шардара ауданында іске қосылады.