Футбол • 22 Маусым, 2021
Ресей құрамасы Еуромен қоштасты
Күн өткен сайын футболдан Еуропа чемпионаты өзінің қызған шағына еніп келеді. Еуроның 11-ші жарыс күнінде B және С тобындағы командалар топтық кезеңдегі бәсекелерін аяқтады.
Өнер • 22 Маусым, 2021
Бас шаһардағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы мен астана күніне орай «Елорда – Өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының шығармашылық кездесуі Жастар театрының «Жібек» мюзикілімен ашылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сахна майталмандарына табыс тіледі.
Тарих • 22 Маусым, 2021
Көкшетау қаласында орналасқан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Әдебиет және өнер музейі атты шағын мекеме бар. Оған жуықта жолымыз түсті. Көрме залында атақты тәпсірші-ғалым Ибн Касирдің еңбегі тұрғанын аңғардық.
Тарих • 22 Маусым, 2021
«Алтын Орда: өркениеттер тоғысында»
Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орны мен рөлін ашып көрсету, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, көшпелі қоғамның саяси және этномәдени құндылықтарын қарастыру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті «Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.
Коронавирус • 22 Маусым, 2021
Қауесет вакциналау қарқынын төмендетеді
Әлі де болса вакциналау науқанын жүргізуде, жалпы бұқараға түсіндіру жұмыстарында және жаңа халықаралық тұрғыда ресми мойындатуда кедергілер бар. Көпшілікті екпе алудан үркітетін алыпқашты, астарлы саясатқа толы әңгімелер де көп. Жұрт көзі толық жетпеген нәрседен аяқ тартатынына да түсіністікпен қарауға тура келмек. Мұндай жағдайда тек мамандар мен ғалымдардың пікіріне иек артамыз.