Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіровтің музей-үйі биыл екі құжатпен толығыпты. Оның бірі – жазушының төлқұжаты, екіншісі – атылар алдында түскен қылмыстық іс жөніндегі тігіндіге бекітілген суреті. Алдынан, жанынан (профиль және анфас) түсірілген бұл сурет – түпнұсқа болғаны үшін құнды. Сонау 1938 жылдан бері НКВД-да, кейіндеу Ішкі істер департаментіне өткізілген сурет биыл ғана көпшілік назарына ұсынылып, музейге қойылған.
Аймақтар • 16 Маусым, 2017
Әкесіне заңсыз субсидия алып берген
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Ақжар ауданы Май ауылдық кеңесінің әкімі Мұрат Надыровтың тәртіптік ісін қарай келіп, қызметінен босату туралы шешім қабылдады.
Аймақтар • 16 Маусым, 2017
Атырауда жерді заңсыз иелену дерегі көп
Атырауда жер заңнамасына түсінік жұмыстары үнемі жүргізілгенмен, мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иеленіп алу, уақытша иеленген мемлекеттік жерді келісілген мерзімде қайтармау деректері азаймай отыр.
Аймақтар • 16 Маусым, 2017
Тараптар татуласып, тұрғындар сотқа «Алғыс хат» тапсырды
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, шиеленіскен даудың басы 2009 жылы Ақтау қалалық әкімдіктің қайтадан балабақшаға айналдыру үшін бұған дейін медициналық колледж орналасқан ғимаратты босатып, аталмыш колледжге қаланың 35 шағын ауданынан медициналық қалашық салу мақсатында жер телімін бөлуінен басталған.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Осыдан ширек ғасыр бұрын, яғни 1992 жылдың 23 маусымында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңға қол қойды. Міне, осы күннен бастап құқық қорғау органдарының мақсаттары мен бағытын, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын алғашқы құқықтық акт пайда болды. Бұл Тәуелсіздіктің елең-алаңында елдегі тәртіпті бақылауда, заңдылықтың сақталуын қадағалауда ішкі істер органдарының қызметіне ерекше екпін берді. Өйткені, бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауынан кейін кеңестік кеңістікте небір қылмыстың түрлері жаппай көрініс беріп жатқан.