Руханият • 17 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Жазушылар одағының ұжымына қос бірдей су жаңа темір тұлпар сыйға тартылды. Алматыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ұлт руханиятының қарашаңырағына баланатын іргелі ұйымның төрағасы Ұлықбек Есдәулетке көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Саясат • 17 Маусым, 2019
Ел дамуының тың бағыттары талқыланды
Nur Otan Trends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Онда сарапшылар Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев анықтап берген ел дамуының тың бағыттарын жүзеге асыру барысын талқылады.
Қысқы спорт • 17 Маусым, 2019
Шайбалы хоккейден Словакияда өткен әлем чемпионаты аяқталған бетте келесі жарыстың жеребесі тартылып, қатысушы командалардың қайсысы қай топта ойнайтыны белгілі болды. Жеребе тарту рәсімін Қазақстанның жанкүйерлері де тағатсыздана күтті. Себебі 2020 жылдың 8-24 мамыры аралығында Швейцарияның қос қаласы – Цюрих пен Лозаннада жалауы желбірейтін байрақты бәсекеде біздің жігіттер де өнер көрсетеді.
Қоғам • 17 Маусым, 2019
Бүгінде полиция формасын киген азаматтарға қоғамның талабы күшейіп барады. Әрине полицияның әрбір қызметкері жұмысқа орналасарда берген антына адал болып, мінсіз қызмет атқаруға міндетті. Сонымен қатар көшедегі тәртіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мен ашу тәулік бойы атқарылар күнделікті іс деп есептесек, полицейлердің кездейсоқ жағдайдағы көзсіз ерліктері том-том кітапқа арқау болатындай жинақталды.
Қоғам • 17 Маусым, 2019
Отбасындағы жанжал салдары өкіндірер қылмысқа алып барады
Тәуелсіздік жылдарында еліміз тұрмыстық қылмыстың алдын алу мен әйелдердің құқықтары және заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір табыстарға қол жеткізді.