Әлем • 17 Маусым, 2019
Еуроодақ кеңесінің 6 маусым күні Люксембургте өткен жиынында ЕО-ның виза кодексіне енгізілген өзгерістер түпкілікті бекіді. Бұл өзгерістер шілде айында күшіне енсе де, тек жарты жылдан соң қолданыла бастайды.
Саясат • 17 Маусым, 2019
Президент • 17 Маусым, 2019
Елімізде «Президенттің кадрлық резерві» жасақталады
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне кірісер алдындағы ұлықтау салтанатында Қазақстанды дамытуда жастардың қозғаушы шешуші күшке ие екенін айтып, алдағы уақытта «Президенттің кадрлық резерві» түзілетінін атап өтті. Бұл сайлауалды тұғырнамада айтылғандай, сабақтастықпен бірге саяси басқару құрамында өзгерістің де болатынын байқатады. Яғни еліміздің жоғары саяси истеблишменті жаңарады.
Саясат • 17 Маусым, 2019
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жүгі салмақты
Іргесі берік, бірлігі бекем еліміздің іркіліссіз ілгерілеуі үшін ойы азат, танымы терең халқымыз тағдыршешті саяси науқанда тарихи таңдауын жасап, жаңа Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлады. Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында бүтіндіктің кетеуін кетірмей, тұрақтылықтың тірегі – бейбітшілік, игілік, өркендеу, әділдік және баршаға ортақ тең мүмкіндіктерді сақтай отырып, әділетті, дамыған қоғам құруға бастайтынын айтты. Осы ойын Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде тағы бір сабақтап, жаңадан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын және бұл түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң болатынын мәлімдеді.
Саясат • 17 Маусым, 2019