Футбол • 12 Маусым, 2018
Аустралия әлем чемпионатына Азия құрлығынан шыққанымен, футболшыларының дені негізінен Еуропада доп тебеді. Олардың басым көпшілігі Ұлыбритания біріншіліктерінде ойнайды. Сондақтан да сенсация жасауы мүмкін құрамалардың ішінде Аустралияның шоқтығы биік тұр.
Жеңіл атлетика • 12 Маусым, 2018
Алматыда Ғұсман Қосановтың мемориалы өтеді
29-30 маусым күндері Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановтың мемориалы өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Иран, Сирия, Бахрейн және Малайзия спортшылары қатысады деп күтілуде.
Жазғы спорт • 12 Маусым, 2018
«Критериум Дю Дофине». Катальдо – таулы кезеңнің жеңімпазы
Францияда велоспорттан дәстүрлі «Критериум Дю Дофине» көпкүндігі аяқталды. Жеті кезеңге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Астананың» италиялық шабандозы Дарио Катальдо таулы кезеңдердің жеңімпазы атанды.
Футбол • 12 Маусым, 2018
ӘЧ: «Үш жолақтылардың» үміті зор
Франция құрамасы қазіргі таңда футболдан алпауыт мемлекет саналады. Себебі бұл ел әлемге бірнеше талантты ойыншы мен жаттықтырушыны сыйлаған. Әлі де саңлақ футболшыларды тәрбиелеп шығаруда. Жаһанға осындай шеберлерді сыйлай тұра, өздері әлем чемпионатында бір-ақ рет топ жарған. Оның өзі осыдан 20 жыл бұрын өз елдерінде өткен біріншілікте болған еді. Қазіргі уақытта 1998 жылы чемпион атанған футболшылардың көбі жаттықтырушылыққа ауысып, әрқайсысы өз алдарына тағы бір тарих жазуда.
Бокс • 12 Маусым, 2018
Бокстан Қазақстан құрамасы Президент кубогында 28 медаль алды
Астанада бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін бәсекелер аяқталды. Бес күн бойы жалауы желбіреген халықаралық додаға әлемнің мықты деген былғары қолғап шеберлері қатысып, «Дәулет» спорт кешенінің шаршы алаңында өзара кім мықтыны анықтады.