Аймақтар • 19 Маусым, 2022
Ауылдар ауыз суға жарымай отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сумен қамтамасыз ету керегін, таза су әрбір үйде, әрбір отбасында болуын міндеттеген тапсырма жүктеген болатын. Соңғы жылдары Павлодар облысында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Кез келген ауылға бара қалсаң, әкім-қаралар жобаның аяқталғаны яки жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатқаны жайлы көкіректеніп сөйлейтіні бар. Іске қосылған жобалардың кейінгі тағдыры – бөлек әңгіме. Жасыратыны жоқ, бұған дейін сумен қамту көрсеткіші бойынша Павлодар облысы республикада көш соңында жүрген-ді. Сәйкесінше, олқылықтың орнын толтыру мақсатында жыл сайын республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінуде. Ендігі жерде қаржыны тиімді кәдеге жарату – басты міндет.
Қазақстан • 19 Маусым, 2022
Дәрігерлерге сұраныс екі есе өсті
Былтыр Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте маман тапшылығы мәселесіне тоқталып, «Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде, ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет», деген еді. Бұл бір ғана өңірдегі жағдай. Ал ел аумағындағы жалпы көрсеткішті біреу білсе, біреу біле бермейді.
Медицина • 19 Маусым, 2022
Радиология саласындағы жаңа қадам
Нұр-Сұлтан қаласында Ортаазиялық радиологтер мектебі (ОАРМ) «АСТАНА Туториал» Солтүстік Американың радиологиялық қоғамы (RSNA) визит-профессорлары халықаралық бағдарламасымен бірлесе отырып өз жұмысын бастап отыр. Бұл бағдарлама Қазақстан радиологиялық қоғамының бастамасымен University Medical Center корпоративтік қорында ұйымдастырылуда.
Медицина • 19 Маусым, 2022
Шараналарға шарапатты озық технологиялар мен скринингтер
Елімізде жыл сайын мыңдаған жоғары технологиялық операциялар жасалып жатады. Оның біразы жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр дертіне шалдыққан пациенттерді бірегей әдістермен емдейтін Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына тиесілі. Аталған перзентхананың өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені бұл орталықты өмірге қиналып келетін сәбилерді сақтап қалудың отандық барометрі деп айтуға болар еді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2022
Сыр бойында талай дәуірлер сырын бүккен көне ескерткіштер көп. Соның бірі – Алтын Орда кезеңінде кереметімен көпке таңдай қақтырған Қышқала. Жуырда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі бағзы заманда байырғы жұрттың ордасы болған қонысқа баспасөз турын ұйымдастырды.