Руханият • 20 Маусым, 2021
Қуанай хазіреттің асасы қалай табылды?
Біз бүгін Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің тағы бір қайраткері, Жаһанша мен Халелдің рухани ұстазы Қуанай хазірет туралы айтпақпыз. Қуанай хазірет – ауқымды тұлға. Егер оны тек діндар десек, қайраткерлігіне обал жасаған болар едік. Ал Алаш үшін атылған боздақтың бірі десек, шариғаттың шамындай лаулаған ілімін, дінге діңгек болған қызметін қайда қоямыз хазіреттің?
Қазақстан • 20 Маусым, 2021
Жаңа заң жобасы қамкөңіл жандардың талабын қанағаттандыра ма?
Тағдырдың тәлкегіне табандылық танытып, сынағына сынып кетпей, сыр бермей басын тік көтеріп жүрген мүмкіндігі шектеулі батыл да, батыр жандардың жайлы ортада өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалуда. Соның бір мысалы, мүгедектігі бар балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылмақ. Бұл – жақында ғана Парламент Мәжілісінің депутаттары мақұлдаған заң жобасында қарастырылып отыр.
Өнер • 20 Маусым, 2021
Кең-байтақ қазақ даласының қай қиыры болсын өнерден ешқашан кенде болған емес. Соның ішінде Алтайдан Атырауға созылып жатқан ұшы-қиыры жоқ сайын сахараның кіндігі – Арқа атырабы, атап айтқанда, қасиетті Қарқаралы топырағы дарындарға ерекше бай. Қаздауысты Қазыбек биден бастап сөзге ұста, әнге шебер, сахнада саңлақ дүлдүлдер мен бұлбұлдарды тудырған бұл өлкенің әр тасы – ақын, әр бұтасы – бұлбұл.
Өнер • 20 Маусым, 2021
1965 жылы Бронкс зообағында «Жер бетіндегі ең қауіпті жануарлар» атты көрме өтеді. Оны неменеге жазып отыр дейсіз ғой, әлгі көрмеде көрменің атын арқалаған ерекше картина қойылған екен. Оны тамашалауға келген әрбір адам айна орнатылған туындыдан өзін көреді-міс. Көрменің қызығы да, шыжығы да сол. Ал бұған қарап, біздің ойымызға данышпан Ницщенің нақылы оралды. «Адам – саналы жануар һәм уәде бере алатын мақұлық». Иә, туындының түп мағынасы осы афоризмге астар болып тұрғандай. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы оқиғамен қанаттас.
Өнер • 20 Маусым, 2021
Түркістан облысы бойынша табылған 9 балбал тастың 7-уі облыстық музейге қойылса, біреуі Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылған. Жуырда 9-шы тас мүсін Шардара ауданының Құйған ауылына қарайтын «Шыңғыс» шаруа қожалығы жерінен табылған болатын. Яғни Шардараның музейі де құнды жәдігермен толығып отыр.