Таным • 19 Маусым, 2020
Елбасы және түркілер төрі Түркістан
Биыл Қазақстанның жаңа елордасының, күні кешегі Астананың – бүгінгі Нұр-Сұлтанның 22 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Тәуелсіз еліміздің қасиетті төрі, құтты мекені, Еуразия кіндігіндегі бас қала Ұлы даланың жасампаз жаңғыртушылық рухын бүкіл әлемге паш етті.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Ізгі ниеттілердің еңбегі еленді
Кеншілер астанасында төтенше жағдай режімі мен карантиндік шектеулер кезінде «Biz birgemiz» республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, белсенділігімен көзге түскен бір топ еріктіге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
Елбасы • 19 Маусым, 2020
«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты Елбасы оқшауланды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра береді», деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Өнер • 19 Маусым, 2020
Бибігүл Төлегенова: Айтылмаған бір әнім бар...
Қазақтың бұлбұлы! Бұл абыройлы атақты әншіге халықтың өзі берген. Сонау бір жылдары іңкәр өнерге аяқ басқан ол жарқ еткен сұлу келбетімен, өзіне ғана тән сиқырға толы сыңғырлаған дауысымен тыңдармен жүрегін бірден жаулап алды. Ол шырқаған әндерге Кеңес Одағы кезінің өзінде тамсанбаған тыңдаушы болмады. Әнші дауысымен шартарапты шарлаған қазақтың халық әндері тыңдаушының ұлтына қарамай көңілін асқақтатты. Сұлу дауыс иесінің сызылта салған әні, сыңғыр үні міне, осылайша 70 жылдан аса жүректерді тербеп, көңілдерге көрік беріп келеді. Әншінің әсем әнін тыңдап ержеткен талай буын ұрпақ бүгінде оның үнін құбылысқа балап, аңыз қылып айтады. Мұқым қазақтың мақтанышы, ұлттық опера өнерінің аңыз тұлғасы, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАМЕН өрбіген сырласу сұхбатымыз әнші әлемінің әдемі естеліктері мен еліміздің мәдени өмірі жайын баян етеді.
Саясат • 19 Маусым, 2020
Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың сот жүйесінің реформалануы туралы есебін тыңдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.