Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Алматы орталығында монша өртке оранды
Оқыс оқиға қаланың Алмалы ауданына қарасты Хусаинов көшесінде орын алған.
Саясат • 12 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтанда жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі басталды. Ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қатысып жатыр.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Жиренқопа жырақта емес, жүректе
Жиренқопа жері, мұндағы Қобыланды батырдың мемориалдық кешені Қазақстанның 100 киелі жері тізімінің белортасынан орын алады. Қалың тарихымыз тұмшаланған кеңестік кезеңде Қобыландының есімі халық зердесінде тек эпостық-фольклорлық образ ретінде сақталғаны ғана мәлім. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін отандық тарихшы-ғалымдар Қобыланды халық ауыз әдебиетіндегі шартты түрдегі кейіпкер емес, нақты тарихи тұлға екенін дәлелдеп берді. Толыққанды әрі терең зерттеулер хас асылдың тарихи бітім-болмысы мен батырлық баянын нақты деректермен байыта түсуге септігін тигізді.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Былтыр жазда Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан тоналмай, бүтін күйінде сақталған Алтын адам табылған еді. Енді, міне, тура бір жыл өтер-өтпес уақытта, нақтырақ айтсақ, 9 маусымда облыс орталығы – Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданы аумағындағы қола дәуіріне жататын Ақбауыр үңгірінің жанынан сақтардың қонысы табылды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Уәлиханов ауданына қарасты «Бидайық» өткізу бөлімшесінде әскери қызметші болып еңбек ететін Сергей Гайдай жүкті әйел мен бес жастағы баланы ажал аузынан арашалап қалды.