Қазақстан • 12 Маусым, 2019
Аtameken fest – озық ойлы жастар алаңы
Елордада байрағы көтерілген Аtameken fest форумында жас кәсіпкерлер, сонымен қатар өз ісін бастауға бел буған 2 мыңнан аса жас жиналды. Отандық бизнестің танымал хэдлайнерлері табысқа жетудің жолдарымен бөлісті.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Әмбебап орталықтың әлеуеті мықты
Былтыр Қарағандыда медицина саласы бойынша алдымен аталатын екі аурухана – Хафиз Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығы мен облыстық медициналық орталық бірікті. Уақыт талабына сай жасалған бұл өзгерістің жай-жапсарын білу үшін біз Х.Мақажанов атындағы «ОТжОО» КМК-нің директоры-бас дәрігері Еркін-Дәуір Төлеуұлы ҚҰРМАНҒАЛИЕВКЕ жолығып, әңгімелескен едік.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Шымкентте тұңғыш рет көп салалы Белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Аталған мекеменің ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен балдырғандар қатысты.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың заманауи тәсілдері талқыланды
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» республикалық онлайн семинары Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» орталығында ұйымдастырылды.
Руханият • 12 Маусым, 2019
Архивтердің басты мақсаты – қоғамның ретроспективті ақпаратқа деген қажеттілігін қамтамасыз ету және Ұлттық архив қоры құжаттарының жинақталуын, сақталуын, ғылыми айналымға енгізілуін қамтамасыз ету болып табылады. ХХ ғасырдың 1917-1918 жылдарынан басталатын Архив қорындағы құжаттардың қатарында сол кезеңдегі республикадағы баспасөз органдарының қорлары да бар. Олардың бірі – №884 «Егемен Қазақстан» газеті редакциясының қоры.