Оқиға • 29 Маусым, 2020
Журналистика жампоздары марапатталды
Сенбіде Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтауын жеткізіп, сыйлықтары мен гранттарын табыстады.
Елбасы • 29 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқы үшін Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуден халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, содан аман алып шығып, әлем мойындаған жаңа мемлекетті қалыптастырған, жаңа астана тұрғызған, елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап келе жатқан ұлы тұлға.
Руханият • 29 Маусым, 2020
Сыр жерінің қай пұшпағында да көне тарихтың көп дерегін сақтаған көмбе бар. Олардың бірқатары қазір зерттелу үстінде, әлі көп көзіне түсе қоймаған қазына да аз емес. Қазалы ауданының Қарақұм беткейіндегі Тапа дейтін шағын елді мекенде қола дәуірінен қалған көп жәдігерді осы өңірдің байырғы тұрғыны Аманжол Жұмабеков жарты ғасырдан бері жинап келеді. Жуырда Қазалыға жол түсіп, аудан орталығынан жырақта жатқан Тапаға тартып кеттік.
Қоғам • 29 Маусым, 2020
Шағын ауылға аралас мектеп керек пе?
Май ауданындағы Майтүбек ауылындағы мектеп ғимараты 1969 жылы қолданысқа берілгендіктен тозығы жетіп тұр. Жыл сайын күрделі жөндеуден өтеді. Аудандық әкімдік биыл жазда үлгерсе мектеп ішіне дәретханалар орнатылып, жылу қазандықтары ауыстырылмақ.
Коронавирус • 29 Маусым, 2020
COVID-19: Әлемдегі ахуалға шолу
Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны қайта арта бастағанын мәлімдеді. ДСҰ мәліметінше, күн сайын Еуропа аймағында 20 мыңға жуық жаңа науқас анықталып жатыр. Күніне 700 адам өлімі тіркеледі. Ал әлем елдерінде жағдай қалай?