Құқық • 08 Маусым, 2023
Өскеменде өрімдей қыздар бұзақылық жасап, жаға ұстатарлық істері қоғам талқысына түскені әлі ұмтыла қойған жоқ. Сауда кешендерінің біріндегі әжетханада колледждің 1-курс студентін бірнеше қыз тепкіге жығып, мәжбүрлеп шешіндіргені, оны бейнекамераға түсіргендері елдің есінде. Одан бері екі айдан астам уақыт өтті. Тергеу ісі аяқталып, кеше соттың бірінші отырысы өтті.
Спорт • 08 Маусым, 2023
«Qazaqstan barysy Grand Slam»: Бұл қандай жарыс?
Биылдан бастап дәл осындай атаумен Астана және Алматы қалаларында әлемнің ең таңдаулы дзюдо балуандарының басын қосатын «Grand Slam» турнирі өткізіле бастайды. Дзюдо әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі санатына енетін бұл дода – 16-18 маусым күндері елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жыл басында ғана Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген айтулы турнирде келесі жылы Францияның бас шаһары – Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына рейтингтік ұпай берілетінін айта кеткен жөн.
Бокс • 08 Маусым, 2023
Аслан ШЫМБЕРГЕНОВ, бокстан әлем чемпионы: Рингте босаңсуға болмайды
Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында атой салған саңлақтарымыздың арасында ең тәжірибелісі – команда капитаны Асланбек Шымбергенов. 71 кило салмақта күш сынасып жүрген бұл боксшының жанкүйерлер назарына іліккеніне 10 жылға жуықтады. Сол кезден бері ол бірқатар аса ірі халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ Асланбекке көпке дейін дүниежүзілік додаларда даралану бақыты бұйырмады. Соған қарамастан, қазақтың өр мінезді ұлының жігері жасыған жоқ. Ол өзінің жұлдызды сәттері әлі де алда екеніне кәміл сенді. Ақыры табандылығының арқасында көздеген мақсатына қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды.
Қоғам • 08 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ашылған үш жаңа облыстың бірі – Абай облысының өз алдына отау тіккеніне жыл толды. Әрине, көп уақыт емес. Дегенмен даму бағытын айқындаған өңірдегі халықтың болашаққа сенімін ұялататын істер баршылық. Оны Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен БАҚ өкілдерінің арнайы баспасөз-турында айқын аңғардық.
Егемен Қазақстан • 07 Маусым, 2023