Ғылым • 07 Маусым, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында дамыған елдердегі кәсіпорындардың жартысынан көбі бесінші технологиялық деңгейге, сондай-ақ 5 пайызы алтыншы деңгейге жеткенін айтып, елімізді үздіктердің қатарына қосу үшін ғалымдарға айрықша міндет жүктеген болатын. Озық технологиялармен біте қайнасып жатқан бұл заманда кез келген кәсіпті ақылмен басқармасаң, ұпай түгендеу қиын. Бірақ бабын таба білсең, табыс сыры ғылымда жатыр. Елімізде ғылым мен өнеркәсіптің тығыз байланысы әсіресе жол құрылысында аса өзекті. Осы тұста Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Жол құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының PhD Салтанат ӘШІМОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.
Әдебиет • 07 Маусым, 2023
Жаһұт жыры арқылы еліне жан сарайының аңсарын айтып, ақындық жүрекпен мынау жарық дүниенің мәнін тәпсірлеп, алапат шабытын ұлтқа қызмет етуге бағыттаған ақындардың бірі – Сейсен Мұхтарұлы. Бүгінде есімі көп атала бермейтін, жыр жинақтары мен өнертану саласындағы зерттеу еңбектерін ел жадында қайта жаңғыртуға сұранып тұрған ақынның мұрасы – халықтың рухани қазынасы. Олай болса, Сыр елінде туып, бүкіл қазаққа жырымен сыр ақтарған ақынның есімін бір еске алсақ дейміз.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Жуырда Қарағандыда жаңа облыстық балалар клиникалық ауруханасы есігін айқара ашты. Көп жылдан бері құрылысында кедергілерге тап болған аурухана тәулік бойы 200 баланы қабылдап, ем-дом жасауға қауқарлы. Мұнда барлығы 450 дәрігер ем жүргізеді. Жабдықтары озық. Сонымен қатар аурухана қатары травматология-ортопедия, нейрохирургия және жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшелерімен толыға түсті. Аурухана директорының айтуынша, бұған дейін ондай науқастар мүмкіндік жоқтықтан Астанаға, я болмаса Х.Мақажанов атындағы клиникаға жіберілетін.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» цехында өрт болды
Бүгін, 7 маусымда сағат 16:50-де «АрселорМиттал Теміртау» цехында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Атырау қалалық перзентханасында 3 жасқа дейінгі ерекше балаларды оңалтатын орталық ашылды. «Қамқорлық қоры» қоғамдық қорының директоры Арайлым Еркінованың айтуынша, орталықта нейро-ортопедиялық сырқаты бар балаларға кешенді оңалту жүргізіледі.