Тарих • 07 Маусым, 2023
Кешегі аумалы-төкпелі заманда Алаш зиялыларымен бірге ұлтымыздың ағарту ісіне өлшеусіз үлес қосқан санаулы қазақ қыздарының бірі де бірегейі – Нәзипа Құлжанова. Бойындағы «бәрі де елім үшін» деген қайсар рух пен өшпес жалын, көкейіндегі ізгі сәуле оны талай биікке көтерді.
Алматы • 07 Маусым, 2023
Архив ісінің озық әдістерін игереді
Алматыда Президент архиві, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен жас архившілердің VI халықаралық жазғы мектебі жұмысын бастады. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» марафоны аясында ұйымдастырылған жазғы мектепке алыс-жақын шетелдерден жиналған жүзден астам делегат архив ісінің заманауи мүмкіндіктерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.
Көрме • 07 Маусым, 2023
Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан Тараз өткен жылы дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енген болатын. Ықылым заманнан бері сауда-саттықтың ордасына айналған, қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен байырғы дәуірде-ақ талайды тәнті еткен көне қалада ІІ «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық көрмесі ұйымдастырылды.
Жәдігер • 07 Маусым, 2023
Отырар ежелгі заманнан-ақ қаласында ғылым мен мәдениет, сауда өндірісі, даласында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі болған. Ежелгі жазба деректерде: «Отырардың аумағы ұзындығы мен еніне қарай шамамен бір күндік жер болған». Яғни Отырар сол кезде 200 гектардай жерді алып жатқан.
Әдебиет • 07 Маусым, 2023
Студент кезде әрбір бетін ыждаһатпен парақтап, терең адамгершілік сәулесіне ынтық болған Толстой кітаптарын көп жылдан кейін қайта аштық. Аштық та, таң-тамаша болдық. Сірә, мұны «Неге?», «Неліктен?» деп сұрап жатудың өзі артық болар.