Экология • 05 Маусым, 2019
Бір ғасыр бұрын ойлап табылған қағаз стақандар бүгінде таңсық емес. Кей жерде кең қолданыс тапса, кей елде енді өндіріске жол ашылып жатыр. Сапаргүл Рабаева Қазақстанда алғашқы болып қағаз стақандарды нарыққа шығара бастады. Мұндағы мақсат – табиғат-ананы аяусыз бүлдіріп, ластап жатқан пластик ыдыстарға аз да болса тосқауыл болу.
Әлем • 05 Маусым, 2019
30 мамырда Мекке қаласында Сауд Арабиясының королі Салман ибн Әбдел-әзиз Әл Саудтың бастамасымен Араб Лигасына мүше барлық 20 мемлекет көшбасшыларының төтенше саммиті болды.
Президент • 05 Маусым, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ғұмыр бойғы Құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін қырғыз жұртшылығы да жылы қабыл алды. Солардың бірімін.
Саясат • 05 Маусым, 2019
Еуропарламент сайлауы: Кәрі құрлықтың жаңа саяси күштері
Мамырдың 23-26-сы аралығында Еуропарламентке сайлау өтті. Еуропаның 28 еліндегі партиялар Еуропарламенттегі 750 депутаттық мандатқа таласты. Көктемде Британия Еуроодақ құрамынан шығып, мандат саны 705-ке азаяды деп күтілген. Дегенмен Брексит келіссөзі әлі жалғасып жатқандықтан, Британия осы сайлауға қатысуға «мәжбүр» болды. Алайда брит елі одақ құрамынан шыққан күні сол елден сайланған депутаттар да Еуропарламентті тастап шығуы тиіс. Енді бұл парламент алдағы 5 жылда жарты миллиард еуропалықтардың мүддесін қорғауы керек. Түсінікті болу үшін біздің елдің саяси жүйесімен салыстырсақ, Еуропарламент – ол Мәжіліс, ал Еуропалық кеңес – Сенат. Ол кеңестің құрамына 28 елдің басшысы кіреді. Еуропалық коммиссия –үкімет. Яғни, атқарушы билік.
Саясат • 05 Маусым, 2019
Мамырдың соңында Косовоның солтүстік аймағынан жік шықты. Сербиямен іргесі сөгілген Косовоны біржола еркіне қоймай ұстап тұрған жалғыз ілмек – осы солтүстік. Өйткені бұл – негізінен сербтер қоныстанған мекен. Сондықтан косоволықтар жергілікті халыққа қысым көрсету арқылы шекарасын толық шегендегісі келетін сыңайлы.