Айбын • 08 Маусым, 2024
Сайдың тасындай сарбаз сан түрлі жағдайға сақадай сай. Сыптығыр болмысы ширыққан ол сынаптай сырғыған уақытта сілтідей тынып, Отан қорғау жолында туабітті жауынгерге айналды. Ол – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы Оразбек Ермекбай.
Қаржы • 08 Маусым, 2024
Банктерге бұйыратын 500 млрд: Қай қаржы институты қатысады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) 500 млрд теңге көлеміндегі қаражаты банк облигацияларын сатып алуға жұмсалады. Өз кезегінде қаржы институттары ол ақшаны бизнеске несие ретінде ұсынуға тиіс. Банктерге үш негізгі талап қойылады: «В» деңгейінен төмен емес несие рейтингінің болуы, меншік капиталының 60 млрд теңгеден кем болмауы және өтеу мерзімі 7 жылдан аспайтын нарықтық табыстылықпен облигация шығару арқылы бизнеске несие беру.
Өндіріс • 08 Маусым, 2024
Нарық бәсекесіндегі «Айс-плюс» өнімдері
Таңертеңгілік уақытта Ақтөбе қаласындағы супермаркет сөрелерінде жаңа сауылған сүт, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, тәтті, ащы айрандар мен қатық жатады. Бұлар – «Айс-плюс» компаниясының өнімдері. Мұнымен қоса «Айс-плюстің» Мәртөк елді мекенінде және облыс орталығында бірнеше жеке, жылжымалы вагон-дүкендері бар. Сатылым желісін сауатты ұйымдастыру – тауар өтімділігіне кепіл. Қала тұрғындары әр литрі 345 теңгеден аспайтын, майлылығы 2,5 пайыздық, жұқа қалбырдағы «Айс-плюстің» қою сүтін күнделікті сатып алады.
Үкімет • 08 Маусым, 2024
Баспана құрылысы жұмысымен танысты
Көктемде су тасқынының зардабын тартқан аймақтың бірі – Солтүстік Қазақстан облысы. Төтеннен төнген қауіптен абдырап қалған теріскейдегі жұрттың осы күні шығыны өтеліп, мал-мүлкі түгенделіп жатыр. Апат салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстарының алғашқы нәтижесімен танысу үшін аталған өңірге Премьер-министр Олжас Бектенов арнайы барды.
Энергетика • 08 Маусым, 2024
Алдағы 2-3 жылда елімізде энергия тапшылығы туындайтыны мамандар мен ғалымдар тарапынан айтылып жүр. Сондықтан елде атом электр стансасын салу мәселесі өткір тұр. Саланы жақсы білетін сарапшылар жыл оздырмай АЭС құрылысына кіріскен абзал дейді. Әйтпесе, энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан көрші елдерге тәуелді болып қалуымыз бек ықтимал.