Бизнес • 02 Маусым, 2017
Жаңа технология жемісін жегізуде
Мақтамен даңқы шыққан Мақтаарал ауданына көкала көктем, сарыала жазда еткен еңбектің несібесін жинайтын қоңыр күзде барсаңыз қалың тойдың үстінен түсер едіңіз. Басына орамал жапқан келіндер табалдырық аттап жатады. Ақ күнекесі алыстан жарқыраған еңселі үйлерде қоныс тойы өтеді. Қай шаңырақты аттасаң да жүзі жарқын жандарды көресің. Тамақ тоқ, көйлек көк, тоқшылық иісі бұрқыраған ауыл «қайран, алтын ұям-ай» дегізеді.
Бизнес • 02 Маусым, 2017
Алысты болжайтын алып көршіміздің Бейжіңде өткізген «Белдеу және жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп бағалады. Бұл Елбасының бірегей бастамаларымен соңғы жылдары еліміздің жол-көлік логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан ерен еңбекке сырт көздің берген тұңғыш тұғырлы бағасы еді.
Арқаның жері де құт, желі де құт
Қазақстанның Сарыарқадай сайын даласының асты-үсті қазынаға толы екендігі талай дәлелденген. Соның арқасында біз қазір әлемде өте сирек кездесетін осмий-187 элементінен бастап, мыс пен болат, алюминийге дейінгі аралықта металдардың сан түрін және Қазақстан бренді болып отырған сапалы астық өндіреміз. Қазақстан алтынының ең көп мөлшері де осы Арқа төсінен табылып отыр.
Парламент • 02 Маусым, 2017
Жас ұрпаққа идеал болатын қаһармандарымыз шоу-бизнес өкілдерінің көлеңкесінде қалып отыр
Халқымыздың қайсарлығы мен ерен ерлігінің үлгісіне айналған Ұлы Жеңістің 72 жылдығын атап өттік. Еліміздің тәуелсіздігінің кепілі, қирамас қалқаны болып табылатын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына да мерейлі 25 жыл толды. Бұл ширек ғасыр − өткенімізге ой жіберіп, болашақты пайымдайтын уақыт. Еліміз қай кезде де қол бастаған батырларға, халқы үшін жанын қиған қаһарманға кенде болған емес. Осы орайда бүгінгі айтпағымыз, батырларымыз − халық қаһармандары туралы болмақ.
Білім • 02 Маусым, 2017
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылатыны көрсетілген. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан барлық аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес, 4-ші деңгейдегі бюджет енгізіледі.